Мейірбикелердің рөлін айқындаған маңызды жиын
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мейірбикелердің рөлін айқындаған маңызды жиын

16 Декабря 2014 (04:24) | 4346 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жұма күні «Grand Hotel Victory» қонақ үйінде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Практикалық денсаулық сақтауда медициналық көмекті жетілдірудегі мейірбикелердің рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Шараға емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшылары мен орта буын қызметкерлері-мейірбикелер қатысты.

 

Жиынға арнайы шақыртылған медицина ғылымдарының докторы, Республикалық медициналық колледжі директоры, «Қазақстанның медицина колледждері Одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту ісі бойынша штаттан тыс бас маманы Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы «ҚР орта буын медицина қызметінің даму концепциясы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Республикадағы орта буын медицина қызметін дамыту проблемалары туралы сөз қозғаған Сұлтан Тұрарұлы, медбикелерді дәрігердің көмекшісі дегеннен гөрі дәрігердің серігі деген дұрыс болатыны жайлы айта келіп, өңір мамандары тәжірибе алмасу бағытында көрші облыстар мен республика бойынша атқарылып жатқан кез-келген шарадан қалыс қалмауының маңызына тоқталды. Елдегі мейірбике ісі бойынша мамандар әлеуеті туралы, бұл бағыттағы жыл сайынғы мамандармен қамтылу мәселесі, республикадағы медициналық колледждерде даярланатын орта буын медицина қызметкерлерінің дайындалу деңгейі және саны туралы, қала мен ауылдық жерлердегі медбикелермен қамтылу жайлы мәліметтерді мысалға келтірді.

 

 

Конференция барысында облыстық медицина колледжінің мұғалімі Жәумітбаева Орал Сейілханқызы «Маңғыстау облысы медициналық коллджінде мейірбике ісі мамандарын дайындауда дуальды оқыту жүйесін енгізу», «Мейірбике» медицина колледжінің директоры Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы «Қазіргі заманғы денсаулық сақтаудағы орта буын медицина қызметкерлерін дайындау мәселелері. Мейірбикенің жаңа рөлі» тақырыбында және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас мейірбикесі Азаматқызы Салтанат «Маңғыстау облысындағы мейірбике ісінің жағдайы мен дамуы» тақырыбындағы баяндамалар жасады.

 

Бұлардан өзге Маңғыстау облысы медицина қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Саимова Гүлжан Құбашқызы «Орта буын медицина қызметкерлерінің еңбек және өмір жағдайы туралы», облыстық перинаталдық орталығының мейірбике ісі бойынша директордың орынбасары Галанина Любовь Петровна «Мейірбике қызметі жетекшісінің ролі», «Жетісу» ЖШС маманы «Мейірбике қызметіндегі электронды технологиялар» тақырыбында баяндамадар оқыды.

 

Мейірбике ісінің мәселелеріне арналған кең ауқымды жиын барысында сонымен қатар «Ақтау қаласы бойынша АМСК мейірбике ісін дамыту жолдары», «Медицина ұйымы мен пациенттің қауіпсіздігін заманауи қамтамасыз ету», «Реанимациядағы жаңа технологиялар», «Мейірбике жаңа технологиялар ғасырында», «Облыстық перинаталдық орталығында тиімді перинаталдық технологияларды енгізу. Партнермен босану», «Аз салмақты нәрестелердің күтіміндегі ерекшеліктер» тақырыбында келелі әңгіме өрбіді.

 

 

Жиын барысында оған қатысушылар назарына тақырыпқа сай бейнефильмдер ұсынылды. Конференция соңында оның қарары қабыданып, талқыланды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему