Ақтаулық ата-аналарға психологиялық көмек ұсынылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 11:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық ата-аналарға психологиялық көмек ұсынылды

9 Декабря 2014 (08:36) | 4061 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сенбі күні республика мектептерінде 5,6,7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған республикалық семинар өтті. Аталған шара қала мектептерінде де өткізілді.

 

Солардың қатарында 11 шағынауданда орналасқан №10 орта мектепте ұйымдастырылған жиынға біраз ата-аналар қауымы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қ.Озғанбаев, Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының» эстетика бөлімінің жетекшісі Аманиязова Асылтас Базарбайқызы, №10 мектеп директорының м.а. Құмбаев Амантай Яссавильұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұманова Айсұлу Хайдарқызы және осы мектептің психолог-маманы Алина Анатолийқызы Наумова қатысты.

 

- Бала тәрбиесінде ата-ананың да психологиясы маңызды. Өтпелі кезеңде теріс қылықтарға бейім болатын жасөспірімдерден көз жазбау қажет. Өйткені жасөсірімдік шақ бала психолгиясының нағыз қалыптасатын кезеңі. Сондықтан ата-ана бей-жай қарамай, баланы үнемі қолдап, мейірбандық таныту керек. Ата-аналарға осындай маңызды психологиялық ақыл-кеңес беру, көмек көрсету, ашық әңгімелесу мақсатында осындай шара бүкіл еліміз бойынша ұйымдастырылуда,-деді №10 орта мектептің психолог-маманы Алина Анатолийқызы Наумова.

 

Бұл маман отбасылық тәрбие жөніндегі педагог кадрларға арналған біліктілігін жоғарылатудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша арнайы білім алған. Конференция барысында психолог ата-аналарға бала психологиясы туралы, олардың өтпелі кезеңінде дұрыс қарым-қатынас жасаудың маңызы жайлы кеңінен әңгімелеп, бейнероликтер мен ақпараттық материалдар және бала тәрбиесіне байланысты тестілерді ұсынды.

 

 

«Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының» эстетика бөлімінің жетекшісі Аманиязова Асылтас Базарбайқызының айтуынша, «Қазір балалар психологиясында түрлі қиын жағдайлар туындап жататыны белгілі осындай күрделі жағдайларда ата-аналарға психологиялық көмек қажет екені анық.

 

Мұндай кездесулер мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығын қалыптастыру үшін өте маңызды. Осы себептен де ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық Тәрбиелеу институтының «Жасөспірім жастағы (5-6-7 сынып) оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясын өткізу туралы бастамасын қолдады.

 

Конференцияға қатысу-барлық ата-аналарға пайда әкелеледі деп сенемін, мектептің олардың тәрбиелік күш-жігерлерін қолдауға және сөзбен де, іспен де көмектесуге дайын екендігін сезінуге көмектеседі».

 

№10 орта мектептің оқушысы Даулетияров Нұрболаттың анасы Даулетиярова Айнұр Бахирқызы «Маған бұл конференцияда беріліп жатқан дәрістер өте ұнады. Пайдалы кеңестер берілді бізге ата-аналарға. Мектеп әкімшілігіне осындай шараны ұйымдастырып отырғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұдан әрі де бұл бастама өз жалғасын табады деп сенемін. Мектеп ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болғаны дұрыс. Қолымыздан келгенінше біз де өз көмегімізді жасап тұрамыз. Әйтсе де, мектепте балаларға арналған түрлі тәрбиелік мәні бар үйірмелер, спорт секциялары көбірек ашылса жақсы болар еді. Балалардың бос уақыты болмайтындай түрлі шаралар көбірек ұйымдастырылса, өте тиімді болар еді. Себебі спорт секцияларының ақылы түрлері өте қымбат. Оған баласын беруге кез-келген ата-ананың қалтасы көтермейтіні белгілі.

 

Еліміздің ертеңгі күнгі келешегі қандай болары осы балаларды қалай жақсы тәрбиелеуімізге байланысты. Сондықтан ата-ана да, мектеп те бұған өзара жауапты екенін ұмытпауымыз керек»,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему