Маңғыстаулық палуан әлем чемпионатынан күміспен оралды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 06:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық палуан әлем чемпионатынан күміспен оралды

8 Декабря 2014 (07:41) | 2565 | Автор: Нурганым Имашева

 

2014 жыл маңғыстаулық палуан Сұңғат Жұбатқан үшін жетістіктерге толы болды. Биылдың өзінде ол Орал қаласында ұйымдастырылған А. Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық ашық турнирде және Тараз қаласында өткен Б. Тәжіметовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыстарда алтыннан алқа тақса, Еуропа кубогы сарапқа салынған халықаралық жарыстан қоланы еншілеген болатын. Ал, бұл жолы палуанымыз Кипрда самбодан жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Желтоқсан айының 5-7 күндері аралығында өткен жарысқа 31 мемлекеттен іріктелген 600-ге жуық спортшы қатысқан.

 

Жалпы әлемдік додаға Қазақстан ұлттық құрамасынан әр салмақ дәрежесі бойынша 10 ұл мен 5 қыз қатысып, төрт спортшы жүлдемен оралды. Тарқатып айтар болсақ, маңғыстаудың намысын қорғаған Сұңғат Жұбатқан (60 келі салмақта) күмістен алқа тақса, тараздық (52 келі салмақта), шымкенттік (50 келі салмақта) және атыраулық (42 келі салмақта) палуандар қоланы місе тұтты. Осылайша, байрақты бәсекеде ел қоржыны 4 медальмен толықты.

 

 

«Қараша айының соңғы аптасында Словения мемлекетінде өткен халықаралық жарысқа қатысып, қоланы еншілеген болатынмын. Сондықтан да әлем чемпионатына дайындалуға уақытымыз тығыз болды. Десе де өзіме елге қайткен күнде де жеңіспен оралуым керек деген мақсат қойдым. Сол мақсатқа қол жеткізгенім үшін де өте қуаныштымын. Әрдайым маған қолдау көрсетіп, жанымнан табыла білген бапкерім Манарбек Бисекеновке алғысымды білдіремін»,-дейді қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Сұңғат Жұбатқан.

 

Палуанның бапкерінің айтуынша, әлемдік додада Сұңғаттың қарсыластары осал болмапты. Бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен палуанымыз ақтық сында болгариялық қарсыласына есе жіберіп алған.

 

«Сұңғат-аталмыш әлем чемпионатына Маңғыстаудан қатысқан жалғыз палуан. Боз кілемде Франция, Жапония, Грузия және Украина мемлекеттерінің палуандарымен кездесіп, айқын басымдылықпен ұтты. Ақтық сында болгариялық палуанға жол бердік.

 

 

 

Жалпы әлемдік жарыста күміс жүлдені иеленудің өзі үлкен жетістік екенін атап өткім келеді. Сөз реті келгенде бізге қаржылай қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына және облыстық самбо федерациясының президенті Орақ Аяповқа ризашылығымызды білдіреміз»,- дейді самбодан облыстың бас бапкері Манарбек Бисекенов. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему