Маңғыстаулық өртсөндіруші-жүргізушілер сайыста шеберліктерін шыңдады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 09:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өртсөндіруші-жүргізушілер сайыста шеберліктерін шыңдады

8 Декабря 2014 (07:36) | 2284 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қауіп-қатер айтып келмейтіні аян. Сондықтан өрт сынды «тілсіз жаумен» шайқасқа үнемі дайын болу-өртке қарсы қызмет сарбаздарының міндеті. Құтқарушылардың өртті ауыздықтауға сақадай сай болуы өз алдына үлкен жауапкершілік десек, өртсөндіру көліктерін тізгіндеген жүргізушілердің де шеберлігі, қауіпті жағдайда шұғыл қимылдаумен қатар асқан шеберлікпен көлікті басқара білуі де сыналатыны белгілі. Маңғыстау облыстық ІІД-не қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің («ӨСжАҚЖҚ» ММ) өртсөндіру бөлімшелерінің арасында «Жылдамдықты маневр бойынша ең үздік жүргізуші» атағын жеңіп алуға арналған сайыс өтті.

 

Аталмыш сайысқа Ақтау қаласы мен облыс аудандарындағы өртсөндіру бөлімдерінің жүргізушілері қатысты. Жарыс әртүрлі кедергілерден тұратын бірнеше этап бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда өртсөндіруші-жүргізушілерге стандартты түрдегі кедергілерден өту, шеңбер бойымен қозғалу арқылы автокөлікті шебер әрі шұғыл басқару әдістерін көрсету, шектеулерді айналып өтіп, көлікті иректелген қозғалыспен жүріп өтіп басқара білу, тұраққа автомобильді шектеу сызығынан шығармай орналастыру, тоннельді қақпадан өту, арнайы кедергілерге соқтықпай көлікті шеберлікпен алып шығу, машинаны артқа қарай жүргізе отырып, боксқа қоя білу, сызық бойынан асырмай көлікті тоқтата білу, өрт оқпанымен суды шұғыл беріп, өртті ауыздықтауды қамтамасыз ете білу сынды сынақтардан өтуге тура келді.

 

Жребий бойынша жарыс кезегі анықталып, жүргізушілер бірінен соң бірі өз біліктіліктерін сынға салды. Әр эстафета бойынша сайыскерлердің көрсеткіштерін бағалаған қазылар нәтижелерді жіті бақылап отырды.

 

Ұйымдастырылған жарыстың өткізілу себебі туралы Маңғыстау облыстық ІІД-не қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Еркінбек Сұлтанғалиұлы Нұрғали: «Бұл сайыстың мақсаты-өртсөндіру техникасы мен жүргізушілердің өрт оқиғаларына дайындығын пысықтау және өртсөндіруші-жүргізушілердің кәсіби біліктілігін тексере отырып, ең үздік жүргізушіні анықтау»,-деді.

 

Жарыс барысында барлық қатысушылар өз біліктіліктерін танытып, сайыс талаптарын толық орындап, жеңімпаз болуға тырысып бақты. Әйтсе де, кез-келген додада ең мықты дегендер ғана жеңімпаз болатыны анық.

 

 

Сайыс соңында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды. «Жылдамдықты маневр бойынша ең үздік жүргізуші» атағын №1 Мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің жүргізушісі, өртке қарсы қызметінің сержанты Сұлтанов Еркін Жаксыкелдіұлы жеңіп алды. Екінші орынға № 8 өртсөндіру бөлімінің жүргізушісі, өртке қарсы қызметінің старшинасы Жұмабаев Сәттіғұл Мұқанұлы лайық деп танылса, үшінші жүлделі орын-№ 6 өртсөндіру бөлімінің жүргізушісі, өртке қарсы қызметінің старшинасы Бабас Амангелді Жұмабекұлына бұйырды. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему