«Нөлге жеткізу бағытында» кең көлемді акция өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 06:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Нөлге жеткізу бағытында» кең көлемді акция өтті

4 Декабря 2014 (07:28) | 2640 | Автор: Нурганым Имашева

 

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ЖИТС-ке (жұқтырылған имун тапшылығы синдромы) қарсы күрестің Бүкіләлемдік күні қарсаңында М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында жастарға арналған кең көлемді акция ұйымдастырды.

 

Аталмыш шараға облыс орталығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары, медицина қызметкерлері және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары қатысты.

 

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының» директоры Қ.Нұрғалиев жастарды қауіпті кеселден сақтандыру жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

2014 жылдың 3-ші қарашасы мен 3-ші желтоқсаны аралығында республикада және біздің облыста «Жаңа АИТВ-инфекциясы нөл. Кемсіту нөл. ЖИТС салдарынан өлім нөл» Нөлге жеткізу бағытында» деген ұранмен өткен айлық жарияланған болатын.

 

Аталмыш айлық барысында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» жастарды ғасыр кеселінен сақтандыру бағытында біраз көлемді іс-шараларды ұйымдастырды. Атап айтқанда Ақтау қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студент-жастары арасында волейбол және футболдан спорттық жарыстар өткізілді.

 

 

18-19-шы қарашада «Каспий» спорт кешенінде студент-жастар арасында шағын футболдан 9 команда, волейболдан қыздар арасында 11 топ, ұлдар арасында 10 команда өзара додаға түсті. Нәтижесінде қыздар арасында волейболдан: І-орынды «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» жеңіп алса, ІІ-орынға «Туризм колледжі» табан тіреді, ал жүлделі ІІІ орын «Маңғыстау политехникалық колледжінің» тобына бұйырды.

 

Ұлдар арасында волейболдан:1-ші орынға «Маңғыстау политехникалық колледжінің» тобы көтерілсе, 2-ші орынды «Маңғыстау гуманитарлық колледжінің» командасы иеленіп, 3-ші орынды «Болашақ» колледжінің» тобы жеңіп алды.

 

Шағын футболдан: 1-ші орында «Ш.Есенов атындағы мемлекеттік Каспий технологиялық және инжинеринг университеті», 2-ші орында«Болашақ» колледжі», ал

3-ші орында «Маңғыстау энергетикалық колледжі».

 

20-шы қарашада жоғарғы сынып оқушылары арасында «Жауапты мінез-құлық-АИТВ/ЖИТС-нан қорғану» атты дебат ұйымдастырылып, өткізілді. Дебатқа 16 мектептен 18 команда қатысты. 19, 20, 21 қарашада Ақтау қаласында театрландырылған қойылым жарысы студенттер арасында өткізілді. Осындай іс-шаралар Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында аталып өтті.

 

Бұл байқаулардың мақсаты-жас талапкерлердің жан-жақты дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық іскерлігін қоғам мүддесі үшін толықтай жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бойында азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, жас азаматтар арасындағы ауру, нашақорлық, қылмыс деңгейін төмендету, олардың облысымыздың қоғамдық өмірінде қызмет белсенділігін арттыру.

 

Қылмыстық-түзеу мекемелерінде плакаттар сайысы ұйымдастырылды. Облыстық ЖИТС орталығында және Ақтау калалық емханаларымен Мұнайлы аудандық емдеу-сауықтыру орындарында «Ашық есік» күндері жарияланып, АЙТВ-инфекциясына тестілеу қолжетімді болды.

 

 

Облыстық филармонияда ұйымдастырылған акция барысында театрландырылған көрініс жарысынан 1-ші және 2-ші орынды иеленген студенттер тобы қойылымдары, спорттық «каратэ» қойылымдары жастар назарына ұсынылып, кеш жергілікті әншілердің концерттік бағдарламасына ұласты. Студенттер қойылымдарды ерекше көңіл-күймен қабылдап, оларды қызығушылықпен тамашалады. Акция кезінде айлық барысында ұйымдастырылған түрлі сайыстардың жүлдегерлері дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Театрландырылған көрініс сайысында 1-ші орынға «Маңғыстау политехникалық колледжі» лайық деп танылса, 2-ші орын «Туризм колледжіне» бұйырып, 3-ші орынды «Болашақ» колледжі» жеңіп алды.

 

Дебат сайысында-қазақ тобы арасында:1-ші орынды №16 гимназия жеңіп алса, «Экономикалық лицей»-2-ші орынға көтеріліп, 3-ші орын №13 гимназия және №28 орта мектепке берілді. Орыс тобы арасында:1-ші орын «Экономикалық лицей», 2-ші орын-№4 гимназия, 3-ші орын №2 және №6 орта мектеп.

 

№11 және №21 орта мектептер Алғыс хатпен марапатталды. Плакаттар сайысында бас бостандығынан айырылғандар арасында жеңімпаздар:

1-ші орын ГМ 172/10(СИЗО)

2-ші орын ГМ172/6

3-ші орын ГМ 172/1 және ГМ 172/8.

 

«Еліміз ЖИТС-індеті таралуының жоғары деңгейі бар елдер қатарына жатады және ТМД елдері арасында бесінші орында тұр. Қазақстанда АИТВ-инфеккциясының бірінші жағдайы 1987 жылы анықталған. Бүгінге Республикада АИТВ бойынша 23859 АИТВ жұқтырғандар, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-441.

Маңғыстау облысы бойынша 163 адам, оның ішіндежыныстық жолмен жұқтырғаны – 86 адам, көктамырға есірткі енгізу арқылы – 72 адам, анадан балаға жұқтырған – 2 адам тіркелген.

АИТВ-инфекциясы жағдайының көпшілігі 20-30 жас аралығындағы жастардың үлесіне тиеді. Әрине, бұл түсінікті де. Жастық шақ-бұл дегенің бәрін де білгің келетін, небір қызықты оқиғаларды бастан кешіретін, бойында ерекше сезімдер мен қарым-қатынас жасайтын керемет шақ.

Жыныстық мінез-құлқын қоса алғанда, мінез-құлқының қауіпсіз түрлерінен біліміне сүйенбейінше, жастар өздерін жұқтыру тәуекеліне ұрындырады, ал кей кезде есірткі тұтыну сияқты өзін-өзі құртатын сынақтар жасау шағында болады.

Қауіпке қарсы іс-әрекет жасау үшін жастар, қоғам тарапынан қолдау мен түсіністікті қажет етеді. АИТВ балалар мен ересектерге де, және байлар мен кедейлерге де жұғады. Адамдар осыған шалдығады, себебі олардың көпшілігі, ӨЗІМДЕ ондай ешқашан болуы мүмкін емес деп санайды да, қауіптен сақтанудың қарапайым шараларын алуды елемейді.

Вирусқа қарсы бірден бір қару, осы бағытта алдын ала білім алу, сондай-ақ жас кезінен балалардың бойына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын сіңіру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады,-дейді «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының» мамандары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему