Маңғыстаулық палуан Еуропа кубогында топ жарды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық палуан Еуропа кубогында топ жарды

2 Декабря 2014 (05:35) | 2295 | Автор: Redactor

 

Жерлесіміз палуан Сұңғат Жұбатқан Еуропа кубогы сарапқа салынған халықаралық жарыста жеңімпаздар қатарынан көрініп, елге қола медальмен оралды. Словения мемлекетінде өткен додаға 33 мемлекеттің ең мықты деген спортшылары қатысып, бақтарын сынады.

 

Жалпы жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан әр салмақ дәрежесі бойынша 10 спортшы қатысып, үшеуі жүлдемен оралды. Нәтижесінде байрақты бәсекеде топ жарған спортшылар желтоқсан айының алғашқы аптасында Грецияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Олардың арасында маңғыстаулық палуан 60 кг салмақтағы Сұңғат Жұбатқан да бар.

 

«Еуропа кубогында Сұңғаттың қарсыластары осал болған жоқ. Десе де, спортшымыз үмітті ақтап, жүлделі орыннан көрінді. Оған спорт шебері деген атақ және 1,5 мың евро көлеміндегі ақшалай сыйлық берілді. Енді Әлем чемпионатында бағын сынайтын Сұңғатқа үлкен үміт артамыз. Жүлделі орыннан көрінеді деген ойдамыз. Халықаралық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтауға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына және облыстық самбо федерациясының президенті Орақ Аяповқа алғысымызды білдіреміз»,-дейді самбодан облыстың бас бапкері Манарбек Бисекенов.

 

 

 

Тоғыз жасынан спортпен айналып жүрген Сұңғат бірнеше жарыстарға қатысып, облыс намысын абыроймен қорғаған. Сөйтіп ол самбо күресінен Азия чемпионы, жастар арасында дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.

 

Биылдың өзінде Орал қаласында А. Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық ашық турнирде және Тараз қаласында Б. Тәжіметовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыстарда алтыннан алқа тақты.

 

Палуанымызды Грецияда өтетін Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көреміз деген сенімдеміз. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему