Аймақта алғаш рет сурдологиялық кабинет ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта алғаш рет сурдологиялық кабинет ашылды

2 Декабря 2014 (04:25) | 2835 | Автор: Redactor

 

Тұңғыш Президент күніне орай №2 Ақтау қалалық емханасында сурдологиялық кабинет ашылды. Кабинеттің толықтай жабдықталуына жергілікті бюджеттен 25 миллион теңге бөлініпті Сондай-ақ, №2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесі күрделі жөндеуден өтіп, қаланың кішкентай тұрғындарының игілігіне берілді.

 

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова қатысып, жаңа емхананың жай-күйімен танысты.

 

Сурдологиялық қызмет көрсету кабинеті бұрын-соңды облыста болмаған. Енді биыл №2 Ақтау қалалық емханасында ашылды. Болашақта, осындай кабинетті Жаңаөзенде ашу жоспарланып отыр. Кабинет заманауи медициналық жабдықтармен толықтай қамтылған. Мұнда балалардың есту қабілетін тексеретін Даниядан әкелінген төрт аппарат жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, қазір облыста есту қабілетінен мүлдем айырылған 700-ге жуық бала бар. Сол мүмкіндігі шектеулі балаларды диспансерлік есепке қоюда бұл кабинеттің атқарар рөлі зор. Жалпы, сурдологиялық кабинетте диагностика, емдеу және тереңдетілген аудиологиялық тексеру жүргізіледі.

 

Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова мамандардың жұмыс барысымен танысып, науқас балалардың ата-аналарымен жүздесті.

 

Нұрсұлу Мұхамедиярова облыстың бас педиаторы:

- Негізгі мақсатымыз-балалар арасындағы мүгедектікті азайту. Барлық жаңа туылған нәрестелерге туылғанына 2-3 тәулік толғанда дәрігер-неонатолог пен арнайы оқытылған медбикемен сәбилердің есту қабілетінің туа пайда болған ақаулары мен патологиясын ерте анықтау мақсатында әмбебап аудиологиялық скринингтік тексеру жасалады. Бұдан әрі БМСП деңгейінде бөбектерге арналған аудиологиялық скрининг бұрынғы тексеру нәтижесіне қарамастан емхананың «Дені сау бала кабинетінің» медицина қызметкерімен 1 жасқа дейінгі сәбилерге-әр тоқсан сайын, 3-жасқа дейінгі балаларға-жылына 2 рет өткізіледі.

 

Аудиологиялық скринигтер нәтижесінде есту қабілеті бұзылған деген күдік анықталған және құлағы естімейтіні белгілі болған, есту мен сөйлеу қабілеттерінің патологиясы анықталған сәбилер терең аудиологиялық тексеруден өту үшін сурдологиялық кабинетке жіберіледі.

 

Отоакустикалық эмиссия (ОАЭ) тіркеуі әдісімен жасалған аудиологиялық скрининг нәтижесінде анықталған сәбидің құлақ сырқатының ақырғы диагнозы (саңыраулықтың түрі мен деңгейі) бала өмірінің 3айлығынан кеш болмайтын мерзімде анықталады, ал құлақ мүкістігін түзету мен емдеу баланың 6 айға толғанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

 

Балалардың есту қабілетін тексерудің нәтижелері бойынша сурдолог-дәрігер дыбыс күшейткіш протезді қолдануға немесе сала маманынан ем қабылдауды немесе арнайы медициналық көмек көрсетуді (консервативті немесе хирургиялық ем түрі) ұсынады.

 

Сырқаты анықталған балалар медициналық-әлеуметтік сараптамаға, білім беру бағдарламасын таңдау және естуді оңалту жағдайларын анықтауға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жіберіледі.

 

Есту қабілетінің өте терең ақауы анықталған балалар кохлеарлы имплантация деп аталатын ота жасатуға жіберіледі. Бұл-анықталған саңыраулықты түзетуге бағытталған және естімеудің күрделі түрімен сырқаттанған балаларды әлеуметтік бейімдеуге арналған шаралар жүйесі. Аймақта соңғы 6 жылдың қорытындысы бойынша 26 бала кохлеарлы имплантация шарасымен қамтылған.

 

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында сурдологиялық кабинеттердің ашылуы нәрестелердің туа біткен есту қабілетіндегі ақауларын дер кезінде және сапалы түрде ерте анықтап, оларды одан әрі емдеу мен тексерудің тәсілдерін таңдауға және балалар арасындағы мүгедектікті азайтуға мүмкіндік туғызады,-деп мәлімдеді.

 

Биылғы жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Ақтау қалалық №2 емханасының балалар бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған жергілікті бюджеттен 63 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Емханадағы кәріз және жылу жүйесі, шатыр жабыны мен дәрігерлердің қабылдау бөлмелері толығымен жөндеуден өтті. Тіркеу орны қайтадан жабдықталып, «Дені сау бала кабинеті», әлеуметтік қызметкерлер, психолог, логопедтің кабинеттері және 6 керуеттік күндізгі стационар бөлімшесі ашылды. Қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алынды.

 

Шолпан Илмұханбетова-Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Емхананың балалар бөлімшесі ұзақ жылдар жөндеу көрмеген болатын. Ғимраттың жағдайы көңіл көншітпейтін. Бір жарым жыл бұрын мен осында келіп, ғимраттың жай-күйімен танысқан едім. Содан соң, облыстық денсаулық басқармасымен біріге отырып, бөлімшені күрделу жөндеуден өткізуді ұйғардық. Ол үшін жергілікті бюджеттен 60 миллионнан астам қаржы бөлдік. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын ойдағыдай өткізген. Емдеу мекемесі заманауи талаптарға сай күйде жабдықталғн. Біздің балаларға барлық жағдай жасалған жерде қызмет көрсетілуі тиіс.

 

Тағы бір айта кететіні, емханада алғаш рет «Дені сау бала кабинеті» ашылды. Мұнда жас аналарға бала дамуына қатысты қажетті мәліметтер беріледі. Сонымен қатар 6 кереуеттік күндізгі стационар бөлімшесі жұмыс жасайды.

 

- Өте жақсы жұмыстар атқарылып, халық риза болып жатыр. Осы жасалып жатқан жұмыстар Елбасының саясатының арқасында. Жаңа медицина құрал-жабдықтары алынып, емхана заманауи талаптарға сай. Іші жақсы, жылы,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыРуслан Бектубаев.

 

№2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесі жиырма бес мың балаға көмек көрсетуге қауқарлы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему