Өндіруші салалар аймақтың әлеуметтік жобаларын қолдайды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өндіруші салалар аймақтың әлеуметтік жобаларын қолдайды

27 Ноября 2014 (07:51) | 2667 | Автор: Redactor

 

Өндіруші салалардағы ашықтық бағдарламасының принциптері соңғы жылдары кеңінен таралуда. ӨСАБ – тың жаңа стандарттары бойынша еліміздегі өндіруші барлық кәсіпорындар әлеуметтік жобаларға бөліп отырған қаржысы туралы ақпаратты ашық түрде жариялап отыр. Бұл өз кезегінде компаниялардың тарапынан жасалып жатырған игі істерді көріп, бағалап отыруға мүмкіндік береді.

 

Аймағымыздағы белді компаниялардың бірі - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ аймақтың әлеуметтік жобаларына қолдау көрсетуді-өзінің әлеуметтік саясатының маңызды тармағы деп біледі және аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға сүбелі үлес қосуда. Компания қашанда ашық есеп беріп отырады. Өндірістік салалардағы ашықтық бағдарламасы аясында жыл сайын әлеуметтік жобаларға бөліп отырған қаржысы туралы ақпаратын да жұртшылық назарына беріп отырады. Өз кезегінде компанияның қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі мен ашықтық принциптеріне ұмтылысын ерекше атап кету керек.

 

Соңғы бірнеше жылдар ішінде «ММГ» АҚ бірқатар маңызды нысандарды іске қосты. Мәселен, 2011 жылы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына орай Жетібай елді-мекенінде музыка мектебін салып берді. Қарақия ауданында бой көтерген, 250 балаға арналған мектеп бүгінде нағыз ұлттық өнер ордасына айналып үлгерді.

 

2012 жылы компания Жетібайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосты. Биыл бұл жоба республикалық «Сенім» байқауында «Үздік әлеуметтік жоба» атанды. Спорт кешені Маңғыстау облыстық әкімдігі мен «ММГ» АҚ арасындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру жөніндегі келісім - шарт аясында салынды. Жетібайдағы жалғыз кешен жас ұрпақты салауатты өмір салтына дағдыландырып, спортқа тартуға көмектеседі.

 

«Балалардың барлығы бірдей мықты спортшы болып шықпаса да, өз денсаулықтарын нығайтып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Қазіргі заманда көптеген ата-ананың бала тәрбиесіне мән беруге уақыты болмай жатады. Сондықтан осындай спорт кешендері баланың дамуына ықпал етері сөзсіз»,- дейді компания өкілдері.

 

Қазіргі уақытта спорт мектебінде 150 - ден астам бала үстел теннисі, таэквандо, тоғыз құмалақ, мини-футбол сияқты спорт түрлері бойынша тегін жаттығуда. Мұның өзі ауылдың қарадомалақтарына үлкен көмек болып отыр.

 

2013 жылы «Ақтау-Қаламқас» автожолының жөндеу жұмыстарына «ММГ» АҚ 112 миллион теңге жұмсады. Биылғы жылдың басында Ақтау қаласында №10 бала бақша ашылды, үш жылда осы бала бақшаның толықтай жөндеу жұмыстарына компания 283 млн. теңге бөлді.

 

Сонымен қатар Қарақия және Маңғыстау аудандарындағы әлеуметтік нысандарды дамытуға 300 млн. теңге бөлінген. Осы қаржыға аудандарда елдімекенішілік жолдар жөндеуден өтіп, мектепке қажетті жабдықтар алынып, спорт алаңқайлары салынып, автокөлік алынып, әлеуметтік-мәдени нысандар жөндеуден өтті.

 

Компания ежелгі тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына да белсене үлес қосуда. Сырлытам күмбезінде археологиялық жұмыстар жүргізіліп, ел тарихын зерделеуде құнды дүниелер табылды.

 

Әлі аяқтала қоймаған 2014 жылдың осы мерзімі аралығында кәсіпорынның республика бюджетіне түсірген салықтық төлемдері 255 миллиард 038 миллион теңгені, ал 2009 жылдан бастап осы жылдың қарашасына дейінгі аралықта – 1 трлн. 422 млрд. 3 млн. теңгені құрады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему