«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына арналған шара
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына арналған шара

27 Ноября 2014 (04:24) | 3544 | Автор: Redactor

 

Бүгінгі таңда қоғамда, өкінішке орай, бауыр еті баласын тағдыр тәлкегіне қалдырып, болашағына, жалпы тәрбиесіне немқұрайлы қарап, жауапкершіліктен жалтаратын ата-аналар кездесіп жататыны анық. Сондай жағдайға тап болған балғындар, әрине, далада қалмайды. Мемлекет тарапынан оларға барлық жағдай жасалуда.

 

Біздің қаламызда мұндай балалар Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» тәрбиеленіп, мемлекет, жергілікті билік тарапынан қамқорлыққа ие болуда. Аталмыш мекемеге қашан келсең де, мұнтаздай таза бөлмелер мен бала жасына қарай әсем безендірілген түрлі жайларды көресің. Осында жұмыс жасап жатқан қызметкерлер-тәрбиеші, ұстаз мамандардың балғындарға деген жылы көзқарастарын, қамқорлықтарын байқап, разы боласың. Әртүрлі жастағы балаларға ерекшеліктеріне сай қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйлерінің орнықты, ештеңеден тарықпай, қамқорлыққа бөленуін сезінуіне бар жағдайды жасап жатқан тәрбиешілер қауымының тынымсыз тірлігін, жемісті еңбегін көріп шүкіршілік етесің. Балаларға Ақтау қаласының №2 орта мектебінен арнайы келетін ұстаздар мектептің оқу бағдарламасына сай дәріс береді.

 

Өзіне қамқорлық жасайтын жандардың қанша мейіріміне бөленсе де, әрбір бала үшін ата-анасының аялы алақанынан артық не бар десеңізші?! Әке-шешенің тәлімді тәрбиесіне зәру боп өскен ұрпақ ертеңгі күні өмірдің түрлі сынақтарына шыдас бере ала ма? Ана жүрегінің жылуын, әкенің қамқорлығын сезінбей өскен бүлдіршін келешекте қатыгез, өмірге өкпелі, ызақор болып өспесе игі деген қауіптен туындаған ойдың қылаң берері де сөзсіз.

 

Сол себепті өскелең ұрпақтың өнегелі тәрбие алып, дүниенің кетігін тауып қаланар бір кірпіші болуы жолында түрлі білім мен тәрбие беруші мекемелер өз деңгейінде қыруар шаруалар атқарып жатқаны белгілі.

 

Әңгімемізге арқау болып отырған Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» күні кеше «Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында арнайы шара ұйымдастырылып, өткізілді.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық науқан ұйымдастыру жөніндегі нұсқауына сай, 19-28 қараша аралығында Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерде өткізіліп жатқан осындай шаралардың мақсаты-балаларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру мен бас бостандықтарын қорғауға үйрету.

Тәрбиелік мәні зор бұл шараның-Орталықта тәрбиеленіп жатқан балғындарға әсері мол болды. Ұстаздар тарапынан ойластырылып, қызықты түрде өткізілген жиынға қатысқан балаларға арналып тәрбиелік бағыттағы түрлі бейнесюжеттер көрсетіліп, оқушылардың олар туралы ой-пікірлері сұралып, психологиялық тест түріндегі қызықты ойындар ұйымдастырылды.

 

 

Ерлан, Ақтілек, Алексей есімді тәрбиеленуші-жасөспірімдер өз ойларымен еркін бөлісіп, ұстаздары мен өз құрбыларының жағымды қасиеттерін атады. Ересектер тарапынан балаларға бауырмал, кешірімді болу, мейірімділік, ұстамдылық және т.б. адамгершілік қасиеттерге ие болу туралы пайдалы кеңестер берілді. Өмірде зорлық-зомбылық жасаудан аулақ болып, қайырымды, мейірімді, кешірімді болудың маңызы жайлы, әр баланың өмірдегі құқықтары туралы кеңінен әңгімеленді.

Шара соңында тұла бойы өнерге толы Ақтілек есімді тәрбиеленуші-жасөспірімнің орындауындағы әуезді әндері көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» әдіскері Урбосинова Райса Шамшеденқызының айтуынша, «Бұл Орталыққа келіп түсетін балалар-әртүрлі жағдайларға байланысты келеді. Ең өкініштісі-осындай талантты, өнерлі балаларына ата-аналарының тиісті дәрежеде көңіл бөлмеуі, олардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамауы. Біз мұнда әрбір балаға толық жағдай жасағанымызбен, олар үшін өз әке-шешесінің аялы алақаны жетпей тұрады. Әр бала өз ата-анасымен бірге болуды аңсайды.

Осы орайда кейбір ата-аналар өз балаларының жасы 14-15-ке келгенінше тууы туралы куәлік, ЖСН, жергілікті тіркелуі сияқты қажетті құжаттарының болуына да мән бермегендігінен, бізге келіп түскен соң, жоқ құжаттарын толық түгендеуге ұзақ уақытты талап еткеніне қарамастан соның барлығын реттеуімізге тура келеді».

 

Райса Шамшеденқызы Орталық ұжымын, барлық маңғыстаулықтарды 1 желтоқсан-Тұңғыш Президенті күнімен қызу құттықтап, өзінің игі тілектерін арнады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему