Көлік жүргізуге ұмтылған ақтаулықтарға арналған ақпарат
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көлік жүргізуге ұмтылған ақтаулықтарға арналған ақпарат

24 Ноября 2014 (11:52) | 2855 | Автор: Redactor

 

Ақтау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-нда емтихан тапсырардан бұрын аптаның әр күні ақылы түрде автокөлік жүргізуді үйренуге болатыны туралы ақпаратпен бөліскен «ХҚКО» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі:

 

«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен есепке алу және көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығын беру үшін емтихандар қабылдау мен жүргізуші куәліктерін беру 2013 жылдың мамыр айынан бастап, облыс орталығы Ақтау қаласында орналасқан «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында» жүзеге асырылады.

 

МХҚКО-ның емтихан сыныбы мен практикалық жүргізу алаңында (автодром) бейне-бақылау камералары орнатылған. Автокөліктер (4 жеңіл, 1 жүк көлігі, 1 автобус) жүргізу нәтижесін орталық жүйеге жіберіп отыратын электрондық қозғалыс датчиктерімен жабдықталған. Аталмыш жүйе толықтай автоматтандырылғандықтан адами фактордың ықпалы болмайды.

 

Ал, азаматтарымыздың аталмыш емтихандардан сүрінбей өткендері саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан Ақтау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-ның автодромында ақылы қызметтер ұйымдастырылған. Атап айтқанда, емтиханнан бұрын, кез келген күндері автокөліктерді жүргізіп үйренуге болады. Жеңіл автокөлікті жүргізуге үйренудің бір сағаты 1900 теңге болса, жүк көлігін жүргізіп үйрену құны 1800 теңгені, ал автобустың тізгінін қолға алғыңыз келсе 1500 төлейсіз.

 

 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының басшылығы азаматтарға ХҚКАО өткізілетін сындардан сүрінбей өту үшін, осы мамандандырылған орталықта қосымша білімін жетілдіріп, көлік құралдарын басқаруды ақылы үйреудің тиімділігі жоғары екенін азаматтар назарына хабарлайды»,-деп мәлімдейді.

 

«ХҚКО» РМК Қазақстан Халық банкіндегі есепшоты: KZ986010231000153862 - KZT.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему