Ақтауда жастарды есірткіден сақтандыру шаралары ұйымдастырылуда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жастарды есірткіден сақтандыру шаралары ұйымдастырылуда

24 Ноября 2014 (04:24) | 2382 | Автор: Redactor

Ақтауда жастарды есірткіден сақтандыру шаралары ұйымдастырылуда

 

Маңғыстау облысының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен бірлесе отырып, қараша айының 12-сі мен желтоқсан айының 22-сі аралығында Ақтау қаласындағы оқу орындарында (университет, колледждер) және орта мектеп оқушылары арасында жастарды есірткі, шылым шегу және алкогольді пайдаланудан сақтандыру бағытында кездесу-семинар түріндегі шараларды қамтитын айлықты ұйымдастырып, өткізуде.

 

Аталмыш бағыттағы шара-жоғарғы сынып оқушыларымен кезекті кездесу Ақтау қаласындағы №4 гимназия-мектебінде өтті. Жиынға қатысқан мамандар-Ақтау қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Будайчиев Камиль Абдуллаұлы, Ақтау қаласы ІІБ ӘПБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Н.Б.Мальцева, облыстық наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Джумагалиева Айшагүл Халмұрадқызы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының дұрыс тамақтану бойынша маманы Аяпова Бағдат Амантайқызы жасөспірімдерге есірткілік заттарды қолданудың, шылым шегу, алкоголь өнімдерін пайдаланудың зияны туралы кеңінен әңгімеледі.

 

Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы мен қауіпті мінез-құлық факторларының теріс әсері жөнінде бейне роликтер көрсетіліп, тақырыпқа сай ақпараттық парақшалар таратылып берді. Жасөспірімдер тарапынан мамандарға өздерін толғандырған сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

 

 

Ақтау қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Будайчиев Камиль Абдуллаұлы:

-Аталған мәселеге қатысты ұйымдастырылып отырған айлық қаладағы оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушыларын есірткінің зиянынан сақтандыру шарасы ретінде ҚР ІІМ-нің нұсқауымен, 2012-2016 жылдарға арналған нашақорлық және есірткімен күрестің өңірлік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шаралардың басты мақсаты-жастарды есірткілік заттарды, темекі мен алкогольдік ішімдіктерді қолдануға қатысты зиянды әрекеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Жасөспірімдерге синтетикалық есірткі түрлері-спайстардың зиянды әсері жайлы әңгімелей отырып, оларды пайдаланудың тек денсаулыққа кері әсері ғана емес, сонымен қатар заңға қайшы келетін жайлары туралы да айтып түсіндірудеміз.

Мұндай шаралар Ақтаудың біраз мектептері мен ЖОО және колледждерінде алдағы айда да ұйымдастырылатын болады,-деді.

 

Кездесу соңында оқушыларға ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес Комитетінің «Наркопост» журналы таратылып берілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему