Ақтаулық жастарды ғасыр дертінен сақтандыру шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жастарды ғасыр дертінен сақтандыру шарасы өтті

18 Ноября 2014 (12:17) | 2633 | Автор: Redactor

 

Бүгін облыс орталығындағы «Каспий» спорт кешенінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу ордаларының студенттері арасында волейбол мен шағын футболдан спартакиада жарыстарын ұйымдастырды.

 

Аталмыш спорттық дода 1-желтоқсанда аталып өтілетін ЖИТС-ке қарсы күрестің Дүниежүзілік Күніне орай өткізілді.

 

Волейбол мен шағын футболдан ұйымдастырылған жарыстарға Ш.Есенов атындағы «КМТжИУ», Мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университет, медициналық кәсіби-техникалық колледж, «Мейірбике», «Меридиан» медициналық колледждері, Маңғыстау политехникалық колледжі, Энергетикалық колледж, Маңғыстау өнер колледжі, Туризм колледжі, Есеп-техникалық колледжі, «Шет тілдер колледжі», М.Тынышбаев атындағы жол-көлік колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, «Болашақ» колледжі, «Қайнар» колледжі, Маңғыстау гуманитарлық колледжі, «Каспий» педагогикалық колледжінің студенттерінен жасақталған командалар қатысты.

 

- БҰҰ-ның шешімімен бекітілген 1-желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-ке қарсы күрестің Дүниежүзілік Күніне орай 03 қараша мен 03 желтоқсан аралығында жалпы республика көлемінде және біздің Маңғыстау облысы бойынша айлық ұйымдастырылып отыр. Осы айлықтың барысында ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған сан түрлі шараларды ұйымдастыру көзделген. Сол жұмыстардың кезекті түрі-бүгінгі өткізіліп жатқан студент жастар командалары арасындағы волейбол мен шағын футболдан спартакиада.

 

 

Осы спорттық жарыстарды ұйымдастырумыздың мақсаты-жастардың ЖИТС жөніндегі білімдерін көтеру, жетілдіру, осы ауруды болдырмау.

 

Әр жылда мұндай айлық шаралары белгілі бір ұранмен өткізіледі. Биылғы шаралар «Жаңа АИТВ инфекциясы-нөл. Кемсіту-нөл. ЖИТС салдарынан өлім-нөл. Нөл мақсаты бағытында» деген ұранмен ұйымдастырылуда. Бүгінгі жарыстарға студент жастардың 10 ұлдар командасы мен 11 қыздар тобы қатысуда. Жарыс жеңімпаздары ертеңгі күні анықталады. Ал жеңімпаздарды марапаттау 28-қарашада облыстық филармония залында өтетін айлық акциямызды қорытындылау шарасында жүргізіледі. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар және дипломдар табысталады,-деп мәлімдеді ЖИТС-тің алдын алу және оан қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы директорының орынбасары Тасболатова Ақнұр Қанайқызы.

 

АИТВ инфекциясы-бұл халықтың денсаулығына қауіп төндіретін проблема, ол сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде, өнімділікте қол жеткізілген табыстарға, адамдардың әл-ауқатына, қоғамның бірлігіне және тіпті ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін, қоғамның дмауына кедергі келтіретін өзекті проблема болып табылады.

 

АИТВ/ЖИТС қоғамның барлық жігін қозғайтын проблема. Ол балалар мен жасөспірімдердің, олардың ата-аналарының, оқытушыларының және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, байлар мен кедейлердің-бір сөзбен айтқанда кез-келгеннің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кесел.

 

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы мамандарының айтуынша, «30 жыл бойы ЖИТС-ке қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде және осы бағыттағы жұмыстың ең көрнекті аспектісі-1 желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-ке қарсы күрестің Дүниежүзілік Күні болып табылады. Бұл-жұртшылықты кеңінен тарту арқылы, осы ауруға қарсы күреске жапай бірлесу және оған назар аудару күні. Қазақстан да әлемдегі қалыптасып отырған осынау жағдайға алаңдаулы және осындай кең көлемді акцияның өткізілуін қолдайды.

 

Еліміз ЖИТС індеті таралуының жоғары деңгейі бар елдер қатарында және ТМД елдері арасында бесінші орында тұр. Қазақстанда АИТВ инфекциясының бірінші жағдайы 1987 жылы анықталған. Бүгінде республикада АИТВ бойынша 23859 АИТВ жұқтырғандар, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-441. Маңғыстау облысы бойынша, 163 адам, оның ішінде жыныстық жолмен жұқтырғандар-86 адам, көктамырға есірткі енгізу арқылы-72 адам, анадан балаға жұқтырғандар саны-2 адам тіркелген.

 

АИТВ инфекциясы жағдайының көпшілігі 20-30 жас аралығындағы жастардың үлесіне тиеді. Әрине, бұл түсінікті де. Себебі-жастық шақ-бұл бәрін де білгің келетін, небір қызықты оқиғаларды бастан кешіретін, бойындағы ерекше сезімдермен қарым-қатынас жасайтын керемет шақ. Жыныстық міне-құлқын қоса алғанда, мінез-құлқының қауіпсіз түрлерінен біліміне сүйенбейінше, жастар өздерін жұқтыру тәуекеліне ұрындырады. Ал кейде есірткі тұтыну сияқты өзін-өзі құртатын сынақтар жасау шағында болады. Қауіпке қарсы іс-әрекет жасау үшін жастар қоғам тарапынан қолдау мен түсіністікті қажет етеді. Барлық адамдарға АИТВ инфекциясының жұғатыны және ЖИТС-тен өлетіні туралы ойлануға жастардың шамасы жетпей жатады. Себебі олардың көпшілігі-ӨЗІМДЕ ондай ешқашан болуы мүмкін емес деп санайды да, қауіптен сақтанудың қарапайым шараларын ескермейді.

 

Вирусқа қарсы бірден-бір қару-осы бағытта білім алу, сондай-ақ жас кезінен балалардың бойына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын сіңіру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады».

 

Орталық қызметкерлері ұйымдасытырылған барлық шаралардың мақсаты: жас талапкерлердің жан-жақты дамуы, олардың шығармашылық іскерлігін қоғам мүддесі үшін толықтай жүзеге асыру, жастарды салауатты өмір сүруге шақыру, олардың бойында азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, жас азаматтар арасындағы ауру, нашақорлық, қылмыс деңгейін төмендету, облысымыздың қоғамдық өмірінде қызмет белсенділігін арттыру, ғасыр дертімен күресу, алдын-алу шараларын күшейтіп, жастардың білімділігін күшейту болып табылады. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему