Ақтауда Халықаралық зағиптар күніне арналған шара өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 12:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Халықаралық зағиптар күніне арналған шара өтті

14 Ноября 2014 (08:13) | 7176 | Автор: Redactor

 

Облыс орталығының 11 шағынауданының 16-үйінде орналасқан «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада» 13 қараша-Халықаралық зағиптар күніне орай «Сену, өмір сүру, жеңу» атты ақпараттық, музыкалық, мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

 

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылы 13-қараша Халықаралық зағиптар күні болып белгіленген.

 

Кеш қонақтарын бүгінгі мерекелерімен құттықтап қарсы алған мерекенің жүргізушілері «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың» бөлім меңгерушісі Көшенов Базаргүл Тұрсынғалиқызы және кітапханашы Үйсінбаева Гүлфаризат Хусайнқызы, ізгі тілектерімен қатар, мерекелік шараға жиналған қауымға қоғамдағы зағип жандарды қолдау бағытында жасалып жатқан түрлі шаралар туралы және алыс-жақын шетелдердегі болып жатқан жағымды жаңалықтар жайында хабарлады.

 

Шараға қатысқан Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Еңсегенова Нұргүл Тұманбайқызы жыл сайын еліміз бойынша ұйымдастырылатын «Бір ел-бір іктап» акциясы аясындағы шаралар үстіміздегі жылда жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналатынына тоқаталып, 19 қарашада облыстық кітапханада өтетін іс-шара жазушының «Жусан иісі» атты әңгімесіне арналатыны туралы жиналғандарды хабардар етті.

 

 

Кеш қонақтары алдында өнер көрсеткен Маңғыстау өнер мектебінің оқушылары Зәкенов Ерболат пен Заман Құрметтің домбырада шебер орындаған күмбірлі күйлері баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, ал өнер колледжінің домбырада дәстүрлі ән салу бөлімінің ІІ курс студенті Гүлфайруз Кенжеғараева мен 4 курс студенті Қанат Іңірбаевтың орындауындағы әуезді жыр-термелер тыңдаушыларды тәнті етті.

 

Ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты жайлы әңгімелеген «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың» бөлім меңгерушісі Көшенов Базаргүл Тұрсынғалиқызы: «13 қараша-Халықаралық зағиптар күніне арналған бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты-зағип жандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. Дауыстап оқып беру, кездесулер, саяхатқа алып шығу сияқты зағип жандарға арналған біршама мәдени шараларды ұдайы өткізіп отырамыз.

Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау-біздің баршамыздың парызымыз. Бұл туралы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Елбасы да баса айтты.

Осы шарамызды ертеңгі күні зағип жандарға арналған «Оқу-өндірістік базасы» аталатын мекемеге барып бүгінгі шараға жұмыста болу себепті қатыса алмаған жандарға арнап өткізетін боламыз», - деді.

 

Мерекелік кеште әдебиет пен өнерді (жыр жазу, өлең оқу, тоқыма тоқу) өздеріне медет тұтқан зағип жандардың жетістіктері туралы да сөз болды.

 

 

«Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың» қызметкерлері өздерінің түрлі мәдени шараларын ұйымдастыру кезінде демеушілік көмек көрсетуші компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге ризашылықтарын айтумен қатар, Маңғыстау өнер колледжінің ұжымы мен әрбір шараға өнер көрсету үшін студент-жастарды ұйымдастырып, жіберіп отыратын колледждің ұстазы Көшенова Бақтыгүл Тұрсынғалиқызына көрсеткен көмектері үшін шексіз алғысын білдірді.

 

Шара соңында кеш қонақтары мерекеге орай жайылған дастарханнан дәм татып, емін-еркін күйде әңгімелесіп, өзара пікір алмасу, жағымды жаңалықтарымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему