Ақтаулық аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек акциясы ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек акциясы ұйымдастырылды

11 Ноября 2014 (04:24) | 4381 | Автор: Redactor

 

Облыс орталығының 17 әлеуметтік аз қамтылған отбасына көмек көрсетуді мақсат тұтқан «Біз біргеміз» еріктілер клубы «Эко Мангистау" үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып, «Шын жүректен» деп аталатын қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

Қайырымдылық шарасын өткізуді қолға алған еріктілер ұйымы осындай игі іске Ақтау қаласының тұрғындарын да жұмылдырып және демеушілік көмек көрсету үшін көптеген кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін, компанияларды да өз қатарына тартты. Бір-екі апта бойына тынбай жасалған жұмыстың нәтижесінде аты аталған ұйымдар мен қала тұрғындарының белсенділігінің арқасында үш «Газель» автокөлігіне жүк болған қысқы киім-кешек пен әлеуметтік маңыздағы азық-түліктен тұратын қайырымдылық көмегі жинақталды.

 

- Бұл қайырымдылық акциясын ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз-әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Ол үшін біз отбасында 6 баладан көп балалары бар жанұялар және жалғызбасты қариялар мен зейнеткерлерді, мүгедектерді іріктеп алдық. Бізбен бірге акцияға қатысуға бел байлаған демеушілерді атайтын болсақ, олар-"Темірбанк","Альянсбанк", "Fortebank" банктер бірлестігінің директоры Аббат Өрісбаев, Облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тлепов, Нейрон" клиникасының басшысы Борис Гисбович Чагай, «Атаба» сауда-ойын сауық кешені, "АКТАУ" сауда орталығы, /Телеубаев Шамрат Айбарович,/ «Центр кредит» банкінің ұжымы, /Мусаханов Тұрғанбай Серикович/ "Модельяни"грузин мейрамханасы, "Казком life"Сақтандыру компаниясы, /Балжанова Ранида/., креативті стилист Унал Юсуф, ХL Фитнес орталығы, Жданов Анатолий, Шурин Артур және Жолдаскалиева Айнур, Ксения Белкино жетекшілік ететін "АРУ"Модель Агенттігі, сонымен қатар, Әлім Қанатов, Ерсеит Асель, Кульбаева Аккенже,, Садакбаева Дамиля, Жарманова Айнур, Бикбов Замир, "Сфера"дүкенінің ұжымы және Маңғыстау облысының тұрғындарына үлкен алғысымды білдіремін,-деді «Біз біргеміз» еріктілер клубының үйлестірушісі Досмұхамбетов Иманғазы.

 

Көмек алуға келген көп балалы отбасылардың балғындары өздеріне шақ келетін киім-кешекті киіп қарап, таңдау әрекетіне кірісіп кеткен.

 

Мұнайлы ауданында тұратын, «Алтын алқа» иегері 10 баланың анасы Алламбаева Гүлсәнім Мұратқызы: «Мен он бала тәрбиелеп өсіріп отырған анамын. Бес балам мектепте оқиды, қалғандары әлі кішентай. Жолдасым-ақпан айынан бері жұмыссыз. Мемлекеттен берілетін «Батыр ана» атағының 11000 теңге қосымша жәрдемақысы мен 1 жасқа толмаған сәбиімнің 16 000 теңге жәрдемақысын күн көріс қылып отырмыз. Айсайын 30 000 теңгеге пәтер жалдап тұрамыз.

 

Осындай қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатқан ұйымдарға алғысым шексіз. Біздей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсеткен көмегіне ризамыз. Қолдау жасаған азаматтардың баршасына алғысымды білдіремін»,-деді ризашылық сезіммен.

 

"Темірбанк""Альянсбанк", "Fortebank" банктер бірлестігінің директоры Аббат Өрісбаев: «Біздің ұжымның қызметкерлері үнемі осындай акцияларға атсалысып, қатысып тұрады. Біз қолымыздан келгенше қиналған отбасыларына көмек қолын созуды жөн санаймыз. Бірлестік жыл басынан бері осындай шараларға белсенді түрде қатысып келеді.

 

Көп балалы отбасыларға мейлінше көмек көрсетуді қалаймыз. Бүгінгі акцияда оларға ақшалай көмек ұсынып отырмыз. Қиналғанға-көмек қолын созу ежелден халқымыздың қанына сіңген қасиет. Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек беру-әрбір саналы азаматтың парызы»,-деген пікірімен бөлісті.

 

Ұйымдастырушылар қайырымдылық танытқан демеуші компаниялар мен кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға алғыстарын білдірді. Аталмыш игі шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему