Маңғыстаулық мамандар салауатты тамақтану мәселелері бойынша оқытылды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 02:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мамандар салауатты тамақтану мәселелері бойынша оқытылды

10 Ноября 2014 (06:04) | 2395 | Автор: Redactor

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінде «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ-нің прфессоры Қонақбаев Амантай Сарсенұлының қатысуымен салауатты тамақтанудың мәселелері бойынша байытылған ұн және тағамдық өнімдерді өндіруге арналған екі күндік оқыту семинарын ұйымдастырды.

 

Аталмыш семинарға ұн және тағам өнімдерін өндірушілер, санитарлық қызмет және Мемлекеттік стандарттау мекемелерінің өкілдері қатысты.

 

Жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр «Маңызды, мәнді, мұндай тақырыпқа арналған семинар бізде бұрын болып көрген жоқ. Тамақтану институтымен, «Профилактикалық медицина академиясымен», денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп ұйымдастырылып отырған бұл семинарға біз үлкен мән беріп отырмыз.

 

Дәріс алу барысында оқытылумен қамтылған мамандар маңызды тақырыптың теориялық жағынан көбірек мәлімет беретін материалдар алу мүмкіндігіне ие болады әрі семинар қорытындысы бойынша сертификаттар беріледі,-дей келе жиылған қауымды дәріс оқуға арнайы шақыртылған «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ-нің профессоры Қонақбаев Амантай Сарсенұлымен таныстырды.

 

 

Заманауи адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты, ал тағам ағзаның толыққанды дамуында, оны сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан сақтауында, сонымен қатар денсаулық пен ұзақ ғұмырды қолдануында маңызды рөл атқарады.

 

Семинарға қатысушы мамандар алдында сөйлеген сөзінде профессор А.С.Қонақбаев: «Тағам өнімдерін, соның ішінде жаппай тұтынуға арналған азық-түлікті өндіргенде сапа және қауіпсіздік, профилактика және ағзаны сыртқы ортаның қолайсыз факторларының жағымсыз әсерінен сақтау, халықтың денсаулығын нығайту міндеттерін шешу үшін маңызды тағамның әрбір компонентінің маңызы мен орны бекітілген шикізаттың және дайын өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығы ескерілуі қажет.

 

Халықтың тамақтануында дәрумендердің, микроэлементтердің, тағамдық талшықтардың, көп қанықпаған май қышқылдарының тапшылығы, сонымен қатар, гастроэнетрологиялық, жүрек-қан тамырлар, онкологиялық, алмасу-алиментарлық және иммундық аурулардың өсуін ескеретін болсақ, адам ағзасын тіршілік үшін маңызды жеткіліксіз тағамдық ингредиенттерімен қамтамасыз ету маңызды профилактикалық шара болып табылады»,-деп атап өтті.

 

Дәріс алушыларға семинар барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Профилактикалық медицина академиясымен», қос тілде дайындалған салауатты тамақтану сұрақтарына және анемияның даму қаупін төмендететін нан, нан-бөлке өндірісінде фортификацияланған ұнды қолдануға, сонымен қатар тамаққа тәуелді аурулардың алдын алатын, оның ішінде ағзаның қорғаныс қызметін жоғарылататын басқа да функционалдық өнімдерді пайдалануға арналған «Азық-түлікті құнарландыру жөніндегі нұсқаулық» таратылып берілді.

 

«Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ-нің профессоры Қонақбаев Амантай Сарсенұлының мәлімдеуінше, «Адам ағзасы микронутриенттердің бірқатарын түзе алмауына байланысты олар ағзаға тағаммен бірге дайын күйінде және физиологиялық қажеттілікке сәйкес мөлшерде түсуі қажет.

 

 

Заманауи ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, жүйке-эмоционалдық жүктеменің жоғары болуында, тіршілік жағдайына байланысты өзгерген сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсерінен ағзаның бірқатар микронутриенттерге мұқтаждығы айтарлықтай артады.

 

Қазақстандағы тағамдық статусты бағалау кезінде бірқатар дәрумендердің, микроэлементтердің, тағамдық талшықтардың, көп қанықпаған май қышқылдарының тапшылығы анықталды. Ол азық-түлікті жетіспейтін микронутриенттермен қосымша байытуға, функционалдық өнімдерді шығаруға негіз болып табылады.

 

Экономикалық, әлеуметтік, гигиеналық және технологиялық тұрғыдан алғанда әлемдік тәжірибе тағам құрамында жетіспейтін факторлармен қосымша байытылған функционалдық арнайы азақ-түлікті құрастырудың және өнеркәсіптік өндірудің қажеттігін дәлелдейді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему