Танымал ақын Оңайгүл Тұржан ашық сабақ өткізді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 16:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Танымал ақын Оңайгүл Тұржан ашық сабақ өткізді

7 Ноября 2014 (10:07) | 5408 | Автор: Redactor

 

Жуырда «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында белгілі ақын, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті, республикалық «Тұмар»журналының бас редакторы Оңайгүл Тұржан Маңғыстау ауданындағы Шетпе, Ұштаған ауылдарындағы мектептердің оқушыларымен кездесіп, ашық сабақ өткізді.

 

Дәріс барысында Оңайгүл Тұржан балаларға бүгінгі таңда елжандылық қасиеттерін сіңірудің маңызы, шығармашылықа баулудың тәсілдері туралы айтып берді. Ақын көпшілік қауымға «Самал», «Шерқала», «Теңіздер де шөлдейді», «Жырдала» жыр жинақтарының және «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографияларымен жақсы таныс.

 

«Жобаның мақсаты-оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. Бұл үшін «халық мұғалімдерінен» құралған еріктілер қозғалысы құрылып, оны одан әрі дамыту көзделеді. Жоба аясында ел арасына танымал азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді курс сабақтарын өткізеді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе аптаға, әйтпесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін»,-дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиа директоры Қанат Әуесбай.

 

Бүгінгі таңда қазақстандық танымал саясаткерлер, блогерлер, бизнесмендер, әртістер мен өзге де тұлғалар «Зияткер ұрпақ» жобасына белсене қатысуда. Алғашқылардың бірі болып белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин, Мұрат Әбенов, актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов Қарағанды облысының, Жалпыұлттық қозғалыстың Кеңес төрағасы Данат Жұмин Қостанай облысының, продюсер, әнші Айгүл Иманбаева, журналист, тележүргізуші Қанат Әуесбай, актер, шоумен Азамат Сатыбалды, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Жамбыл облысының, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен Батыс Қазақстан облысының, Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, Ақмола облысының, саясаттанушы Айдос Сарым Оңтүстік Қазақстан облысының оқушыларымен кездесті.

 

Жоба ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. Осы аралықта барлығы 300 танымал адамды жобаға қатыстыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде жоба аясында 60 адам аймақтарға жіберілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему