Ел азаматтары Бас мүфтидің сұхбатына пікір білдіріп жатыр
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ел азаматтары Бас мүфтидің сұхбатына пікір білдіріп жатыр

7 Ноября 2014 (09:29) | 2144 | Автор: Redactor

 

Таяуда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді. Ержан Малғажыұлы дін мен діл, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, елдегі жалпы діни ахуал жайында тұшымды пікірін ортаға салды. «Мен де басқа көзі қарақты көрермендер секілді бағдарламаны бастан-аяқ көріп, Бас муфтиді жалықпай тыңдадым. Әсіресе, Ержан Малғажылының көгілдір экранның арғы жағынан асыл дініміз бен діліміз турасындағы айтқандары менің көңіліме қонды»,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Дүйсенқажы Хаснияз.

 

Соңғы кездері әлемде исламға қатысты арам пиғылдардың орын алып, жат ағымдардың ел ішінде көбейіп жүргені рас. Осы орайда, еліміздің Бас муфтиі қарапайым мешіт жамағаты мен жастар арасында сауат ашу курстарын жүргізіп, идеологиялық жұмыстарды күшейту керектігін алға тартады. Ал, ол үшін жергілікті имамдардың біліктілігін арттыру қажет. Осыған байланысты жұмыстар ретін Ержан қажы дөп басып, дәл айтты. Рухани басшымыз өзінің діни жоғары білімділігі мен іскерлігін көрсетіп, көпшіліктің көкейіндегі түйткілді сұрақтарға сауатты жауап бере білді.

 

«Қазіргі кездегі тек біздің елімізде ғана емес, жалпы әлемде алаңдаушылық тудыратын оқиғалардың жиілеп бара жатқанын айтсақ, имамдардың жұмыс қарқынын күшейтудің маңыздылығы айдан анық көрініп тұр. Осы орайда мешітімізде сауат ашу курстары тұрақты жүргізіліп, имамдар ақтаулық жастармен кездесулерге үнемі қатысады. Басқосулар мен мешіттегі намаз кездерінде исламның құндылығы мен имандылық, елге арасына жыландай жасырынып енген жат ағымдар тақырыбында әңгіме айтылып, сауалдарға нақты жауаптар беріледі. Ал, намазға бет бұрып, қажылыққа аттанып, исламның ақ жолын ұстануға ниеттеніп жүрген ақтаулықтардың саны артып барады. Мешіт жамағатының да қатары көбеюде, жұма намазы кезінде ғимаратымызға адамдар сыймай қалады. Бұл исламға деген бетбұрыс деп түсінемін. Мен қарапайым тұрғын әрі имам ретінде жас та болса, Бас муфти бола білген Ержан қажы Малғажыұлына үлкен алғыс білдіріп, қазақ елі үшін етіп жатқан қызметіне табыс тілегім келеді. Лайым, еліміз аман, жұртымыз тыныш, дініміз бүтін болғай»,-деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Дүйсенқажы Хаснияз.

 

Бас мүфтидің сұхбатына пікір білдіргендердің қатарында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Анар Шамшадинова да бар. «Жақында «Хабар» арнасынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлымен өткен сұхбатты тамашаладым. Мен ақын әрі журналист болғандықтан, мен үшін дін тақырыбы нәзік те күрделі. Осы орайда, барша мұсылман баласы үшін бағдарламаның маңыздылығы айқын көрінеді. Журналист елдегі діни ахуал, жат ағымдардың баса көктеп жерімізге еніп кеткендігі туралы сауалдарын бірінен соң бірін жолдады. Бас муфти өзінің жоғары сауаттылығын танытып, ашық әңгіме аясында пікір алмасты.

 

Ислам – әлемдегі ең асыл да адал дін дер едім. Дініміз адамдарды адамгершілік пен имандылыққа баулып, хақ жолға шақырады. Отбасы бірлігі ғана емес, ұлттар мен халықтар татулығын да мұрат етеді. Осы орайда, бас муфти ел бірлігі жайында өзінің тұшымды ойларымен бөлісті. Жерімізге жендеттей жаман жолдармен кірген жат ағымдармен күрес, жастарды оларға жолатпау туралы жақсы ойларын айтты. Соңғы кездері онсызда қиын заманды қиындатып, ата-анасына көмектесіп, оқуын оқып, еңбек етудің орнына бөтен мақсатты ұстанып, бұзылып кеткен жастардың көбі рас. Қара киіммен қабағын шытқан қыздар мен балағын қысқартып, сақалын ұзартқан жігіттер пайда болды. Ондайлар алыста емес, айналамызда жүр деуге болады. Міне, ұрпағымыздың ұсақталмай, ұл-қыздарымыздың адаспаулары - ата-ананың қолында десек, одан әрі бұл жергілікті имамдардың жұмысы. Осы орайда, Ержан қажы Малғажыұлы имамдар біліктілігін арттырудың маңыздылығын ашып айтып, атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеді. Сұхбат ашық та нақты жүргізілгендіктен, маған ұнады. Көңілімде қонақтаған кей сұрақтардың жауабын тапқандай болдым. Еліміздің Бас муфтиіне рахмет айта отырып, қызметіне табыстар тілеймін», - деді ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Анар Шамшадинова. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему