Балабақшалардағы бала саны шамадан тыс көп
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балабақшалардағы бала саны шамадан тыс көп

7 Ноября 2014 (09:27) | 2676 | Автор: Redactor

 

Ақтаудағы балабақшалардағы бала саны шамадан тыс көп. 280 балғынға арналған бақшаларда 390 балаға дейін тәрбиеленіп жатыр. «Бұл – ел заңдарында көрсетілген талаптарға мүлде қайшы»,-дейді арнайы тексеріс кезінде бірқатар заңбұзушылықты анықтаған Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері. Бала санының көптігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де кесірін тигізіп жатыр екен. Тәрбиешілер топтағы бүлдіршіндерді игере алмай жатыр. Осының салдарынан өткен аптада нөмірі 29-шы балабақшада 5 жасар бала жоғалып кетті.

 

Ақтаудағы №29-шы балабақшада болған оқиға қала полицейлерін аяғынан тік тұрғызды. Тал түсте 5 жасар балақай жоғалып кеткен. Балаларды сыртқа шығарып, таза ауада серуендеп келген тәрбиеші кішкентай балғынның жоқтығын ішке кірген соң бір-ақ білген. Дереу дабыл қағылып, бала іздестіріле бастайды. Анасына барғысы келген бүлдіршінді полиция қызметкерлері қаланың екінші шетінен тауып алған.

 

Баладан бақшадан не себепті қашып кеткенін сұрадық. Ол анасына барғысы келген. Осылайша емін еркін 9-шы шағын ауданда орналасқан балабақшадан 11-ші шағын аудандағы анасының жұмыс орнына бағыт алыпты. Зуылдаған көп көлік өтіп жатқан жолдан бір апайлардың көмегімен өткенін айтады. Абырой болғанда 5 жасар бала бөгде адамдардың емес, полиция қызметкерлерінің көзіне түседі.

 

Назым Қарақаева, тәрбиеші:
- Бұл оқиға менің есімді шығарды. Сол күні кешке дейін жыладым. Өзім осы балабақшаға биыл ғана жұмысқа келдім. Тәрбиеші болып жұмыс істеп жатқаныма үш-ақ ай болған. Бүкіл 35 балаға бір өзім үлгере алмаймын. Бесеуін киіндірсең, отызы далаға шығып кетіп жатады. Осындай кезде балақай үнсіз шығып кетіпті, тіпті байқамай да қалыппын. Қатты қорқып кеттім. "Енді не болады, табылмаса қайтемін?", - деген сияқты арам ойлар келді басыма. Бала 4-ші шағын ауданда тұратын, сасқанымнан сонда бірнеше рет жүгіріп барып келдім. Әбүйір болғанда табылды ғой бала. Аталған балабақшада мұндай оқиға жаздыкүні де болыпты. Басшылық тәрбиешіге сөгіс жариялап, жұмыстан босатқан. «Алайда бар мәселе тәрбиешіде емес, бала санының шамадан тыс көптігінде болып тұр»,-дейді балабақша директоры.

 

Егер бала санының көптігіне байланысты балабақшада бір емес бірнеше тәрбиеші болғанда мүмкін сонда жұмысымыз жеңілдейтін еді. Себебі 30 балаға сабақ үйрету, мектепке дайындау өте қиындық тудырады тәрбиешілерге.

 

Прокурорлардың айтуынша, әрбір тәрбиешіге 25 бүлдіршінді тәрбиелеу жүктелуі тиіс. Алайда, балабақшада бұл талап сақталмай отыр. Аталған заңсыздық шаһардағы бүкіл мектепке дейінгі білім беру мекемесінде бар. «Бұл жерде дұрыс тәрбие алмаған баланың құқығы бұзылып отыр»,-дейді құзырлы орган қызметкерлері.

 

Айнұр Жөнелбек, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі:
- ҚР актілеріне сәйкес, санитарлық нормаларға сәйкес, балабақшалардың жобалық қуаттылығы 280 балаға арналған. Ал, 280 балаға арналған талап қаладағы балабақшаларда орындалмауда. Ол өз кезегінде жоғарыда айтып өткендей, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы нормалардың және еңбек заңнамаларының өрескел бұзылуына әкеліп соғады. Прокурорлардың айтуынша, баланың көптігінен төсек жетпей, кішкентай бүлдіршіндер еденге де жатқан фактілер де бар көрінеді. Жергілікті билік болса, мұндай қадамға амалдың жоқтығынан барғандарын айтады. «Балабақша аз да, бала көп. Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру үшін балаларды шамадан артық етіп орналастыруымызға тура келеді», - дейді қала әкімідігіндегілер.

 

Рахат Елтізаров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
- Бүгінде қалада 13 мың бала бақша кезегін күтіп тұр. Оларды 100 пайыз балабақшамен қамту үшін жылына 5-6 балабақшаның құрылысын аяқтап, іске қосуымыз керек. Ал, облыс орталығында қазір ол мәселені шеше аламыз, деп айту қиын. Сондықтан бұл мәселе әлі де болады, деп ойлаймыз. Маңғыстау облысы - бала туу көрсеткіші бойынша елімізде алғашқы орында. Сәйкесінше, бақша кезегіне деген сұраныс еселене түсуде. «Тығырықтан шығу үшін ел қазынасынан қомақты қаржы бөлінсе, көптеп балабақша салар едік»,-дейді жергілікті билік өкілдері. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему