Иісшіл ит героин сатқандарды ұстап берді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Иісшіл ит героин сатқандарды ұстап берді

3 Ноября 2014 (04:42) | 2283 | Автор: Redactor

 

Арнайы үйретілген иісшіл ит героин сатқандарды ұстап берді. Есірткінің ауыр түрін саудалағандардың бірі Ақтауда, ал екіншісі Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында қолға түсті. «Осылайша, «Адольф» есімін иеленген қызметтік ит облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің үмітін ақтады»,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

 

 

Арнайы жасалған рейд кезінде төрт аяқты төбет қиын жерлерге жасырылған есірткі заттарын оп-оңай тауып алып отырды. 1967-ші жылы туылған У деген азамат есірткіні үй ауласына жасырған, жерге көміп тастапты.

 

 

Қазіргі таңда табылған полиэтилен пакеттер мен қағаз орамдарының ішіндегі ұнтақ заттың героин екендігі дәлелденді. Тәркіленген героиннің жалпы сомасы – 24 миллион теңгені құрайды. Осылайша, 6 мың нашақорға жететін есірткі мөлшері қара саудадан шығарылды. Айта кету керек, ұсталғандар бұрын да қылмыстың осы түрімен істі болған екен.

 

 

Әлия Шермағмбетова, Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі:

- Аталмыш дерек бойынша, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 259-шы бабы бойынша іс қозғалды. Ал, барлық сезікті тұлғалар қазіргі таңда қалалық іщкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына жабылды.Есірткі саудалаушылардың қылмысы дәлелденсе, өмірлерінің 20 жылын темір торда өткізуі мүмкін.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему