Алматыда өткен Х Әлем Чемпионатының нәтижесі туралы
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 21:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алматыда өткен Х Әлем Чемпионатының нәтижесі туралы

29 Октября 2014 (06:23) | 1845 | Автор: Redactor

 

Жуырда оңтүстік астанада өрттен құтқару спортынан 10-шы Әлем Чемпионаты болып өтті. Әлемдік жарыс біздің елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Былтырғы 2013 жылдың қазан айында Корея Республикасының Чанджу қаласында өткен 9-шы Әлем Чемпионатында өртсөндірушілер мен құтқарушылардың Халықаралық Федерациясы атқару комитетінің директоры А.Калинин өртсөндірушілер мен құтқарушылардың Халықаралық Спорт Федерациясының туын біздің ел делегациясының басшысына табыстаған болатын.

 

Қазақстанның ұлттық құрамасы 2011 жылы Германия елінде өткен Әлем Біріншілігі мен Ресейдің Омск қаласында ұйымдастырылған Халықаралық сайыстың да қола жүлдегері атанды. 2013 жылы Кореяда өткен Әлем біріншілігінде біздің команда 5 орынға табан тіреді.

 

Әлемдік Біріншілікке даярлық барысында өрттен құтқару спортынан ұлттық жарыстар, мектеп оқушылары арасында турнирлер, журналистердің оқу полигондары болуы мен өрт бөлімшелеріне әскери кезекшілік атқару сынды бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Қазақстанның әйелдер құрамасы өрттен құтқару спортынан осы Әлем Чемпионатында алғаш рет жарыстарға қатысты.

 

Ерлер арасында әскери «қанат жаюдан» Чемпионаттың алғашқы күндерінде қазақстандық спортшылар алтын медальды жеңіп алды. Бұдан бұрын спорттың осы түрінен Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші орынды иеленген болатын.

 

Әскери «қанат жаюдан» екінші жүлделі орынды Чехия елінің командасы еншілесе, үшінші орынға-Беларусь елінің құрамасы табан тіреді.

 

ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП: Беларусь, Чехия, Россия, Украина, Қазақстан, Польша, Узбекистан, Словакия, Моңғолия, Әзірбайжан, Латвия, Турция, Корея. Әскери «қанат жаюдан» әйелдер құрамасы арасындағы орындарды жеңіп алғандар:

1 орын -ГЕРМАНИЯ

2 орын - РОССИЯ

3 орын -ҚАЗАҚСТАН

 

Жалпы командалық есепте Қазақстанның әйелдер құрамасы Ресей тобынан кейінгі ІІ орынды иеленді, ІІІ-орын Германия құрамасына бұйырды.

 

Алматыда өткен 10-шы Әлем Чемпионаты үш күнге созылды. Онда спорттың барлық түрінен-оқу мұнарасының төртінші қабатына (ерлер), ал қыздар-екінші қабатқа шабуыл сатысымен шығу, 100 метрлік кедергілерден өту, 4х100 өрт сөндіру эстафетасы, жанғыш сұйықтарды сөндіру арқылы сосын әскери «қанат жаю»-осындай түрлері бойынша жаттығулардың жиынтығы ретінде жарыстар ұйымдастырылды.

 

Мерейтойлық 10-шы Әлем Чемпионаты салтанатты түрде туды табыстаумен аяқталды. Енді келесі Әлем Біріншілігі бір жылдан соң Санкт-Петербургте (Россия) өтеді.

 

Әлем Чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы есепте БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ құрамасы жеңіске жетсе, екінші орын-ЧЕХИЯ құрамасына бұйырды, үшінші жүлделі орынды РЕСЕЙ құрамасы жеңіп алды. Қазақстан құрамасы бір алтын (ерлер-«қанат жаю») және екі қола медальмен (әйелдер-өрт сөндіру эстафетасы және әскери «қанат жаю») бесінші орынды қанағат тұтты.

 

Бұл аталмыш Әлем Біріншілігінің спорттық жарыстарына жер жаһанның 14 елінен келген 300-ден аса құтқарушы-спортшы қатысты. Чемпионатты ҚР ІІМ ТЖ Комитеті және ҚР өртсөндірушілері және құтқарушыларының ұлттық федерациясы ұйымдастырды.

 

Адам өмірін «тілсіз жаудан» құтқаруға бағытталған жауапкершілік жүгі ауыр, қызығынан гөрі қиындығы басым өртсөндіруші-құтқарушылар өздерінің әскери дайындығын үнемі шыңдаумен қатар түрлі спорттық жарыстарға дайындалып, оларда әркез шеберліктерімен көзге түсіп, ержүректілікпен бірге өжеттілік, ептілік, күштілік, темірдей тегеуірінді тәртіп, нағыз ер азаматтарға тән мықтылық, төзімділік сияқты қасиеттер танытады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему