Суға түсу маусымының қорытындысы қандай?
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 14:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Суға түсу маусымының қорытындысы қандай?

29 Октября 2014 (06:15) | 3196 | Автор: Redactor

 

Бүгінгі таңда облыс көлемінде биылғы жылдың суға түсу маусымы аяқталды. Осыған байланысты «Суда құтқару қызметі» ММ өз жұмыстарының нәтижесін қорытындылауда. Құзырлы мекеменің басшысы Айбол Жұмашевқа жолығып, биылғы жылғы суға түсу маусымында тіркелген қайғылы оқиғалардың саны, адамдарды құтқару қызметінің атқарған жұмыстары, мекеменің алдағы жоспарлары жайлы әңгіме өрбіді.

 

Маңғыстау облыстық ТЖ департаментіне қарасты «Суда құтқару қызметі» ММ басшысы Айбол Жұмашев: «Жалпы, облыс көлемінде биылғы жылдың суға түсу маусымындағы жұмыстардың қортындыларына тоқталсақ. Осы жылдың суға түсу маусымында суға кеткендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 10 адамға (7/17) азайды. ТЖ оқиғаларының ең жиі тіркелген кезі-сәуір мен тамыз айының аралығындағы кезең. Осы кезде суда жүзу құралдары қайық, катамаран және гидроциклмен 9 апатқа ұшырау фактілері болып, онда 4 адам суға кетіп, оның 3-інің денесі табылып, 10 адам құтқарылды. Балалардың суға кетуі оқиғасы бойынша былтыр 2 бала, биыл 1 бала суға кеткен (барлығы Кендірлідегі демалыс базаларында болған)»,-деп мәлімдеді.

  

Оның айтуынша, «Осы жылдың басынан бері облыста 16 рет суда ТЖ оқиғалары тіркеліп, онда 12 адам құтқарылып, 8 адам суға кеткен, оның 7-інің денесі табылып, 1-і табылмады.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен біршама жұмыстар атқарылды. Облыстық Білім басқармасымен біріккен «Мектеп оқушыларына суға жүзуді үйретуді ұйымдастыру және жүргізу жоспары» жасақталды. Теңіз жағалауындағы балалар лагерьлерінде және жағажайларда Судан құтқару бекеттерінің қызметкерлері балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқыту-үйрету мақсатында суда құтқару тәсілдері мен алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне және суда жүзу мен өзін ұстаудың алғашқы дағдыларына үйрету сабақтары аяқталды.

 

Жалпы балаларды суға жүзудің алғашқы дағдыларына үйрету жұмыстары бойынша барлығы 1100-дан астам балаларға суға жүзудің алғашқы дағдыларын үйрету сабақтары өткізілді. «Судан құтқару қызметі» ММ және В.П. Зайцеваның жетекшілігімен «Школьник» балалар орталығының «Жас құтқарушы» үйірмесінің оқушыларына «Шағала» емдеу-сауықтыру орнының бассейінде суға жүзуді үйрету сабақтары жүргізілді.

 

Мектеп оқушыларымен, лагерь және демалыс базалары тынығушылармен «Судан құтқару бекеттері» тарапынан «Ашық есік» күндері мен кездесулер өткізіліп, оларда сүгуірлер костюмдері мен құтқару құрал-жабдықтары көрсетіліп, құтқару катерлерінде теңізге шықты.

 

Жағажайлар мен демалыс лагерлерінде «Қауіпсіз балалық шақ», «Менің құмнан тұрғызған қамалым», «Біз анамыз екеуміз-спорттық жанұямыз» және т.б. спорттық жарыстар өткізілді». 

 

«Суда құтқару бекетінің құтқарушылары облыс аумағында Төтенше жағдайлар департаменті Ішкі істер департаменті, Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, апта сайын халық көп шоғырланатын теңіз жағалауын, жағажайларды шолу жұмыстарын жүргізіп келді.

 

Бақылау барысында теңіз жағалауындағы қала тұрғындары мен демалушы қала қонақтарына «Суға түсу кезінде сақтық шаралары», ішімдік ішуге жол бермеу және балаларды жағада қараусыз қалдырмау, су көліктері құралдарын пайдаланудағы сақтық шаралары және т.б. төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, соңғы айдағы жиілеп кеткен ТЖ оқиғалары жөнінде үгіт-насихат іс-шаралары жүргізіліп, ескерту жаднамалары таратылады. Осы шараларға барлығы 30-дан астам қызметкерлер, 4 қайық және автокөлік қатыстырылады. Қауіпті аймақтарда 969 рет шолулар жүргізілді.

 

Осы мерзімде суда құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде демалушылар  арасында болып, 46 лекция, 84 рет әңгімелер, 18 радиохабар және 10 телехабар жүргізіп, БАҚ-та 28 мақала жарияланды, 7 рет дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

 

Қазіргі кезде мектептерде жаңа оқу жылының басталуына орай, № 15 орта мектепте, № 24 мектепте 100-ден астам оқушыларға құтқарушылар лекциясы оқылды. Оны «Он-лайн» режимінде облыстың қалалары мен аудандарынан 1270 оқушы және 100 мұғалім тыңдады.

 

Сонымен қатар «Судағы қауіпсіздіктің» алдын алу мақсатында облыс бойынша 14 билбордтар және 19 тақтайшалар орнатылып, жаднамалар таратылды, бұқаралық ақпарат көздері арқылы жеткізіліп отырды.

 

Демалыс орындарының басшыларының және қызығушылық танытатын ұйымдардың қатысуымен суға түсу маусымында қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатта облыста, қала және аудандарда Төтенше жағдайлар комиссия отырыстарында «Судағы қауіпсіздік» мәселелері қаралды.

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында бірінші рет «Қазақстан Республикасының су айдындарында қауіпсіздік туралы ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

 

Алдағы уақытта судағы қауіпсіздікті сақтау жөніндегі осындай жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз, - дейді «Суда құтқару қызметі» ММ бастығы Айбол Жұмашев.  

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему