Эбола індеті туралы не білесіз?
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 17:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Эбола індеті туралы не білесіз?

29 Октября 2014 (05:48) | 5037 | Автор: Redactor

 

«Қара құрлықтан» вакцинасы әлі табылмаған қауіпті дерт тарап келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегін халықаралық дәрежедегі аса қауіпті індет деп бағалап отыр. Өйткені оған қарсы тұрарлық ем жоқтығы өз алдына, вирус өте жылдам таралатын көрінеді. Вирус ағзаға түскен соң, 8-10-ы күндері алғашқы белгілерін беріп, ауру тез дамиды. Адамның басы ауырып, қан құсып, іші қан аралас өтіп, бұлшық еттері ауырып, көз, мұрын, құлақтан да қан кететін көрінеді. Дене температурасы 39-40 градустан түспейді. Артынан құрғақ жөтел мен кеуде тұсында ауру пайда болуы мүмкін.

 

Әзірге жұқпалы індетке қарсы тұрарлық ем де, екпе де болмай тұр. Алғашқы ошағы былтыр қыста пайда болған қауіпті безгек Батыс Африканың Гвинея мемлекетінде тіркелген еді. Қазіргі кезде көршілес Либерия, Сьерра-Леоне сынды мемлекеттерде кеңінен таралып отыр. Өткен аптада Нигерияда жағдай ушығып бара жатқан соң, төтенше жағдай жариялаған. Оны жұқтырғандардың саны 1848-ге жетіп, 1013 адам қайтыс болған.

 Қара құрлықтан тараған қауіпті дерт бүгінде кәрі құрлыққа жетті. Жақында «РБК агенттігі» 75 жастағы дін қызметкері Мигель Пахаресті Либериядан бірнеше күн бұрын Испанияға алып келіп, ол Карлос III госпиталінде қайтыс болғандығы туралы ақпарат таратты. Миссионер отанына қауіпсіздік шаралары сақталған арнайы ұшақпен жеткізілген. Дін қызметкеріне АҚШ ғалымдарының «Zmapp» тәжірибелік препаратын бергенімен, оның беті бері қарамаған. Пахарес бұл безгектен қайтыс болған бірінші еуропалық емес. Либерияда одан басқа 2 дін қызметкері көз жұмған. Сондай-ақ АҚШ-та да осы вирусты жұқтырған екі адам тіркелген.

 

Эбола қанды безгегі – тез таралып, 90 пайызында өлімге әкеп соқтыратын қауіпті індеттердің бірі. Оның таралу жолдары өте көп. Ауа арқылы, вирус жұқтырған жанмен тікелей байланыс, оның ұстаған заттары, қаны, іріңі арқылы жұғуы мүмкін. Безгек тудыратын «Эбола вирусы» 1976 жылы ашылған. Содан бері ірі бірнеше эпидемияның себепкеріне айналды. Заирдегі Эбола өзенінің аймағында анықталғандықтан, осы атауды иеленген. Эболаның ошақтары көбінесе Орталық және Батыс Африканың шалғай ауылдарында пайда болады.

 

Вирус ағзаға түскен соң, 8-10-ы күндері алғашқы белгілерін беріп, ауру тез дамиды. Адамның басы ауырып, қан құсып, іші қан аралас өтіп, бұлшық еттері ауырып, көз, мұрын, құлақтан да қан кететін көрінеді. Дене температурасы 39-40 градустан түспейді. Артынан құрғақ жөтел мен кеуде тұсында ауру пайда болуы мүмкін.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегін халықаралық дәрежедегі аса қауіпті індет деп бағалап отыр. Өйткені оған қарсы тұрарлық ем жоқтығы өз алдына, вирус өте жылдам таралатын көрінеді.

 

Африкадағы жағдай асқынып бара жатқандықтан, жақында ДДСҰ ешқандай клиникалық зерттеуден өтпеген тәжірибелік екпелерді қолдануға рұқсат берді. Женевада өткен жиында медициналық этика саласының сарапшылары адамдарға салынбаса да, өзінің тиімділігін дәлелдеген препараттарды пайдалану туралы шешім қабылдады. Бұл кездесуге америкалық үкіметтік емес ұйымының екі кызметкерінің жағдайы себеп болған. Олар аса ауыр вирусты Либерияда жұқтырып, АҚШ-қа әкелінген. Олардың ем-домына бұрын тек маймылдарға салынған тәжірибелік вакциналар қолданылған. Нәтижесінде пациенттердің жағдайы оңалып, қоғамда түрлі сұрақтарды туындатты. Неге бір елдің азаматы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, ал басқалары қауіпті вирустан қырылуы керек? Басы қатқан мамандар амалсыз «тәжірибелік екпелерді пайдалану этикаға сай» деп тапты. Екпе адам ағзасына енген соң қандай әсер беретіні де беймәлім.

 

Алайда «Правда.ру» сайтының жазуына қарағанда, ДДСҰ кейбір ақпарат құралдары таратқан ұйымның бас директоры Маргарет Чень АҚШ-тан Либерияға тәжірибелік екпелер партиясын жөнелтуге рұқсат бергендігі жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәлімдемеде, мұндай вакцинаны енгізбес бұрын, пациенттің рұқсаты керек деп жазылған. Бұл безгекке қарсы вакцина болмауының басты себебі – Эболаның ошақтары пайда бола салып, 2-3 айдың ішінде жойылады екен. Сондықтан оған қарсы екпеге ешқандай фармацевтикалық компания миллиондаған қаржы құюға құлық танытпады. Вакцина шыққан күннің өзінде, ол миллиондаған данамен әлемге таралмайды. Ал бұл фармкомпаниялар үшін тиімсіз.

 

Осы жолы індеттің кең таралып кетуіне ауру ошағының үш мемлекеттің шекарасында орналасқандығы да себеп болған. Бұл жерде барыс-келіс те, алыс-беріс те көп. Африка елдерінің онсыз да мәз емес денсаулық сақтау саласын тұралатып барады. Медиктер аталмыш вируспен күресіп жүргенде, басқа да жұқпалы аурулардың тарау қаупі күшейіп тұр. Науқастарға көмек беріп жүрген 155 дәрігер Эбола безгегін жұқтырып, басым бөлігі көз жұмған.

 

Ал кейбір ақпарат құралдары Эболаға қатысты дүрбелең осыдан 5 жыл бұрынғы шошқа тұмауына байланысты жағдайда қатты ұқсайтындығын жазады. Сол кезде де осындай дүрлігу болған еді. Нәтижесінде, оның қауіптілігі өзге тұмаулардан аса жоғары еместігі анықталған. Сондықтан кейбір скептиктер бұл вирусқа қатысты қатты үрейленудің қажет жоқ деп есептейді.

 

Дегенмен барлық елдер қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин әлемде Эбола безгегін жұқтырғандардың саны күннен-күнге артып отырғанын ескере отырып, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін, безгек өршіп тұрған мемлекеттерде эпидемиялық жағдай тұрақтанғанша жоспарланған сапардан бас тартуға шақырады. ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Сондай-ақ еліміздің эпидемиологтары Сыртқы істер министрлігінен Эбола безгегі таралған елдерге сапар шегетін жандардың тізімін алуға қолғабыс беруі туралы өтініш жолдаған.

 

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінен осы елдерден келіп оқитын студенттер туралы ақпарат сұратылған. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында еліміздің халықаралық әуежайларында Эбола індеті өршіп тұрған елдерден келген адамдарды қатаң санитарлық-карантиндік бақылау жұмысы жалғасуда. Олар жанаспайтын тепловизорлар арқылы тексеруден өтеді. Агенттік таратқан хабарламада жыл басынан бері мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінен 978418 адам тексеріліп, олардың арасында жоғарыда аталған ауру белгілері бар жандар анықталмаған. Эбола безгегі немесе басқа да қауіпті инфекциялар елімізде анықталған жағдайда, дайын болу үшін облыстар мен аудандарда оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде 1068 емдеу-профилактикалық мекемелерінің аса қауіпті инфекциялар, соның ішінде Эбола геморрагиялық безгегі анықталған кезде эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығы тексерілді.

 

Осы орайда Инновация және даму министрлігінің индустрия және туризм комитеті туристерді аса сақ болуға шақырады. Африка елдеріне қандай да бір мақсатпен сапар шегетін жандардың одан бас тарта тұрғаны дұрыс. Ал Эбола індеті өршіп тұрған елдерден келген жандар болса, соңғы 21 күннің ішінде Гвинея немесе осы елмен шекаралас жатқан мемлекеттерде болғандығы туралы хабар беру керек дейді комитет. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему