Екі бірдей қызметтесін өлтірген сарбаз сотталды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Екі бірдей қызметтесін өлтірген сарбаз сотталды

29 Октября 2014 (05:45) | 2113 | Автор: Redactor

 

Осыдан екі күн бұрын Ақтауда екі бірдей қызметтесін аяусыз өлтірген бұрынғы сарбазға қатысты сот үкімі шықты. Теңіз жаяу әскери бригадасының қызметкері өмірінің 23 жылын темір торда өткізетін болды. Сот үкімі қаладағы әскери теңіз институтының ғимаратында, бүкіл әскерилердің алдында оқылды.

 

Жантүршігерлік оқиға биыл мамыр айында 4-ші шағын аудандағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Танк взводының сержанты қарызын сұраған әріптесінің көзін жою үшін жалдап тұрып жатқан пәтеріне барып, оның 16 жерінен пышақтайды. Артынша үйге кіріп келген екінші әскери де ажал құшты. Қылмысын жасыру үшін әлгі сержант 23 жастағы Қостанай облысының тумасын да аяусыз пышақтап тастайды. Артынша, пәтерге от қойып, мәйіттерді жағып жіберген. «23 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының күнәсі толық дәлелденді»,-дейді құқық қорғаушылар. Айта кету керек, сот үкіміне күдіктінің ата-анасы мен туыстары келген жоқ. Ал, қылмыстық істі қарап, жүргізу үшін Астанадан арнайы судья шақыртылған.

 

Асқар Қайыров, Астана қалалық ауданаралық әскери сотының судьясы:
-1991 жылы туылған Айтжан Донаев Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96-шы, 175-ші және 187-ші баптары бойынша айыпталып, кінәсі толық дәлелденді. Оған 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаймын. Айтжан Донаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтесін. Сонымен қатар қайғы жамылған қос отбасыға 3 млн теңгеден моральдық өтемақы төлесін.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему