Кинологтар бас жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 21:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кинологтар бас жүлдемен оралды

29 Октября 2014 (05:40) | 2220 | Автор: Redactor

 

Маңғыстаулық екі бірдей кинолог төрт аяқты достарымен ТМД мемлекеттері арасында болған сайыстан бас жүлдемен оралды. Алматыда өткен 4-ші халықаралық жарыста Бауыржан Аманғалиев пен Асылбек Бейсенбаевтың қызметтік иттері жалпы командалық есепте 1 орынды иеленген. Дүбірлі жарысқа Армения, Әзірбайжан, Өзбек, Қырғыз және Ресей елдерінің  кинолог мамандары қатысқан. Әріптестері жеңіспен  оралған қызметкерлерін зор мақтанышпен қарсы алды.    

 

Біз барған кезде алдымыздан «Центурион» мен «Ленгер» атты қос иісшіл ит жүлделерін тағып  шықты. Жеңіске жеткендеріне іштей мақтанатындай. Төрт аяқтыларға жеңіс оңайлықпен келмеген. Олар, дүбірлі жарыста бес аталым бойынша сайысқа түсіп, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындаған. «Центурион» осымен екінші жыл қатарынан жеңіс туын желбіретіп отыр. Ит 8 жылдан бері кинолог Бауыржанның сенімді көмекшісіне айналған.

 

Бауыржан Аманғалиев, кинолог-маман:
- Халықаралық жарыс 5 кезең бойынша өтті. Менің итім алдымен қол жүктерін тексеріп, жасырылған затты тауып берді. Одан кейін менің бұйрығым бойынша түрлі әрекеттерді жасап берді. Центурионмен бірге жүргеніме бірнеше жыл болды. Сондықтан болар ол мені тез әрі жақсы түсінеді. Келесі кезеңде серігім жеңіл автокөліктегі және жүк көлігіндегі, сонымен қатар ғимарат ішіндегі жасырылған заттарды тауып беруі тиіс болды. Бұл тапсырмалардың барлығы тап-тұйнақтай орындалды.      

 

Ең үздіктер қатысқан сайыста қазақстандық иісшіл иттер жасырылған есірткі заттарды межелеген уақыттан бұрын тауыпты. Әр мемлекеттің тәуелсіз судьялары бұған таң-тамаша болып, оң бағасын берген.

 

Асылбек Бейсенбаев, кинолог-маман:
- Бізге он минут берілген. Ал біз жасырылған затты 44 секундта-ақ тауып алдық. Бұл иттің көмегімен біз есірткі заттарын іздейміз, Психотропты заттарды іздейміз.         

 

Қызметтік иттерді қолға үйрету оңай шаруа емес. Үлкен жауапкершілік пен еңбекқорлықты талап етеді. Бұған біз де көз жеткіздік. Қызметтік иттер біздің айтқан бұйрығымызды орындамақ түгілі, тыңдаған да жоқ. Бөгделерді сезіп тұр ғой олар. Иттер тек иелерінің ғана айтқан тапсырмасын бұлжытпай орындайды екен. Қызметтік иттер тәлімбағындағы басқа да төрт аяқты иісшіл иттер есірткіден бөлек, жасырын жарылғыш заттарды да анықтай алады. Биыл осы иісшіл иттердің көмегімен ел аумағына заңсыз есірткі алып өтпек болған 4 қылмыстық топтың жолы кесілген.           

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему