Маңғыстаулықтар қасиетті «Құрбан айт» мерекесін тойлауда
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 13:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулықтар қасиетті «Құрбан айт» мерекесін тойлауда

8 Октября 2014 (16:09) | 2903 | Автор: Redactor

Маңғыстаулықтар қасиетті «Құрбан айт» мерекесін тойлауда

Таңертеңмен Айт намазына қатысу үшін Маңғыстау облыстық орталық мешітіне бет алған халықтың қарасы көп болғаны соншалық, келген жамағаттың барлығы бірдей мешіт ғимаратына сыймағандықтан, кейбірі тыста тұрып мінәжат етті.

Мешітте Айт намазына дейін мейрамның шығу тарихы, құндылығы мен оны атап өтудің шариғи жолдары туралы уағыздар айтылды.

Айт намазына аймақ басшысы Алик Айдарбаев, әкімнің орынбасарлары және қала әкімі Еділ Жаңбыршин, облыстық және қалалық әкімшіліктің лауазымды тұлғалары қатысты. Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаев аймақ тұрғындарын мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан Айт күнімен құттықтады.

Маңғыстаулықтар қасиетті «Құрбан айт» мерекесін тойлауда

- Ниеттеріңіз қабыл болсын! Аллаһ Тағала барлық тілеген тілектеріңізді берсін. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ислам діні-ізгілікке бастауға тиіс. Нағыз мұсылман сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбейді. Ислам баарлық жұртшылықты бірлікке, ізгілікке, берекелі тірлікке шақырады»-деген болатын.

Ендеше бұл мерекенің адамдар арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты нығайтудағы маңызы өте зор екені анық.

Қадірменді бауырлар! Бүгінгі ұлық мереке-Құрбан айт-баршамызға құтты болсын! Әр уақытта жақсылығы мол болсын. Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Маңғыстаудың барлық тұрғындарына берекелі табыс, әрбір жанұяға шын жүректен тыныштық, бақыт тілеймін. Еліміз-аман, жұртымыз-тыныш болсын.

Айт намазы-қабыл, Құрбан айт-мүбәрәк болсын!»,-деді өңір басшысы А.Айдарбаев Айт намазына жиылған облыс тұрғындарына арнаған құттықтау сөзінде.

Айт намазы оқылғаннан соң мешіт ауласында арнайы дайындалған орында құрбан шалынып, ел ағалары, облыстық мешіттің бас имамы Смайыл Сейтбеков бата жасады.

Облыстық мешіттің ауласында биылғы Құрбан Айт мерекесіне арналып, алты киіз үй тігіліп, оларда мерекелік мол айт дастарханы жайылыпты.

Маңғыстаулықтар қасиетті «Құрбан айт» мерекесін тойлауда

Айттың алғашқы күні мешіт жанында кір тасын көтеруден, қазақша күрестен спорттық шаралар ұйымдастырылып, балуандар боз кілемде белдесті, халал азық-түліктердің жеңілдетілген бағадағы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараларды ұйымдастыруға мешіт қызметкерлері, облыстық халық ассамблеясының мүшелері, жергілікті кәсіпкерлер мен спорт мектебінің жетекшілері белсене қатысты.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков: «Бұл ұлық мерекені жер шарындағы барша мұсылман қауымы өз деңгейінде ұлықтап, мерекелеп жатқан болса, біздің облыстың мұсылмандары да бүгіннен бастап, мерекелеуге көшті.

Бүгін облыстық мешіттің ауласына тігілген алты киіз үйде арнайы шақырылған тұрмысы төмен 60 отбасына арнап ас беріледі.

Спорттық шаралар, жәрмеңке ұйымдастырылып, алдағы күндерде балаларды мұз айдынында тегін сырғанату, кинотеатрлардан кино көрсету, мешітке келген жамағаттың құрбандыққа шалған малын осындағы арнайы дайындалған орында тегін сойып беру сияқты түрлі бағыттағы іс-шараларды өткізу арқылы осы ұлық мейрамның қадір-қасиетін жоғары деңгейге көтеру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз.

Құрбан айт мерекесі бір күнмен ғана шектеліп қалмайды, айт мерекесі 4-ші, 5-ші және 6-шы қазан күндері үш күн тойланады. Сол күндерге жоспарланған шаралар уақытымен өткізілетін болады және биылғы жылғы Құрбан айт мерекесінің тағы бір ерекшелігі-бірнеше бағыттағы қалалық және қала сыртындағы автокөлікте тұрғындарға ақысыз қызмет көрсетіледі. Сондықтан осындай мүмкіндікті жасап отырған жергілікті әкімшіліктің барлық басшыларына алғысымызды білдіреміз.

Құрбан Айт мерекесі-бұл тек қана намазға жығылғандардың немесе кәрі кісілердің ғана мерекесі емес. Қазіргі кезде мемлекеттік деңгейдегі мереке болғандықтан оған баршамыз бірдей атсалысып, тойлау-бәріміздің міндетіміз.

Сондықтан барлық отандастарымызды, облыс тұрғындарын, қала жұртшылығын бүгінгі мейраммен шын жүректен құттықтаймын.

Аллаһ Тағала денімізге саулық, отбасымызға-берекесін берсін! Еліміз аман болсын, Елбасымызға, дін басымызға күш-қуатын берсін деп Алладан тілек тілейік. Келесі Құрбан айтқа дейін аман-есен жетейік»,-деп ізгі тілектерін арнады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему