Ақтаулық прокурорлар алқабилерді тағайындаудағы заңбұзушылықтарды анықтады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар алқабилерді тағайындаудағы заңбұзушылықтарды анықтады

2 Октября 2014 (07:03) | 1974 | Автор: Redactor

 

«Ақтау қалалық прокуратурасымен Ақтау қалалық әкімшілігінің 2013 жылға бекітілген алқабилерге кандидаттардың тізімдеріне, ондағы Қазақстан Республикасының 16.01.2006 жылғы «Алқабилер туралы» Заңының қолданысына тексеріс жүргізілді»,-деп хабарлады біздің басылымға қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Ақтау қалалық әкімшілігінің 2013 жылға бекітілген алқабилерге кандидаттардың тізімдеріне барлығы 3999 адам енгізілген.

 

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысы бойынша ҚСжАЕАК басқармасының анықтамасына сай, қалалық әкімшілікпен 2013 жылға бекітілген алқабилер тізімінде 3 тұлға бұрын сотталып, соттылығы жойылмаған және 2013 жылы әртүрлі дерттемелермен қайтыс болған 5 тұлғалар анықталды.

 

Сондай-ақ, облыстық психоневрологиялық диспансер анықтамасына сәйкес, алқабилерге кандидаттардың тізіміне енгізілген 3999 тұлғалардың арасында барлығы 7 тұлғалардың психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратындығы, облыстық наркологиялық диспансер анықтамасна сәйкес, тізімде көрсетілген тұлғалар ішінен облыстық наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрған барлығы 4 азаматтардың алқабилерге кандидаттардың тізіміне енгізілгендігі анықталды.

 

«Тексерудің нәтижесінде Ақтау қалалық прокуратурасымен Ақтау қаласы әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

 

Сонымен қатар, прокурорлық ықпал ету актісінде жергілікті атқарушы органға алқа билердің тізімін заңға сай сәйкестендіру, облыстық мамандандырылған қылмыстық істер сотының судьяларымен бірлесіп жиын өткізу және жыл сайын алқабилердің тізімін іріктеуде мұқият қарау ұсынылды»,-деп мәлімдеді Ақтау қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему