Облыстық сотында судьяларына арналған семинар ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық сотында судьяларына арналған семинар ұйымдастырылды

26 Сентября 2014 (12:22) | 1949 | Автор: Redactor

Маңғыстау облыстық сотында Қазақстанның Батыс аймағының судьяларына арналған семинар ұйымдастырылды

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 26-қыркүйекте Маңғыстау облыстық сотында Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарының судьяларының қатысуымен медиация бойынша екі күндік өңірлік оқу семинары басталды.

 

Семинар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Біріккен Ұлттар Ұйымы даму Бағдарламасы (БҰҰҰДБ) «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» жөніндегі біріккен жобасының аясында қазақстандық тренер-медиаторлардың қатысуымен ұйымдастырылды.

 

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Біріккен Ұлттар Ұйымы даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» жөніндегі біріккен жобасының үйлестірушісі Сүлейменова Ұлболсын Аждарқызы, «Медиация және дауларды балама түрде шешу» Орталығының кәсіби медиаторы, тренер Шарифбаева Халбүбі Садыққызы, тренер-медиаторлар қатысты.

 

Семинардың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Осындай тәлімді, әрі тәрбиелі жиынның өткізілуіне Батыс өңірде Ақтау қаласының таңдалуы біз үшін үлкен мәртебе»-дей отырып, мұндай шешімге келген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму Бағдарламасына Маңғыстау облыстық соты атынан алғысын білдірді.

 

-Медиация ұғымы жалпы қазақ халқының тарихында жаңадан пайда болған ұғым емес. Дауласқан тараптар арасында билердің бітімгершілік жасауы қазақ халқының тарихында бұрыннан бар нәрсе. Біздің облысымызда «Сот медиациясы» атты пилоттық жоба Ақтау қалалық №2 сотында жүргізілуде. Сотта медиация тәртібінде татуластыру іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, арнайы жасақталған кабинет бөлінді. Бітімгершілік іс-әрекеттерін жүргізуші судьялардың жұмыстары ұйымдастырылып, облыстық соттың төрағасының өкімімен пилоттық жобаға қатысушы судьялар бекітіліп, оқулар ұйымдастырылды. 2013 жылы облысымызда 30 996 іс қаралған болса, олардың ішінде 268-і медиаторлардың қатысуымен жүзеге асырылған, яғни 0,9 пайызы. Ал 2014 жылдың 9 айында 22 523 іс қаралған болса, оның ішінде 328-і медиаторлардың қатысуымен жүзеге асырылған, яғни 1,5 пайызы. Алғашқы қадамдарымыздан көрініп тұрғандай-ақ медиация институтын сот өндірісіне енгізуде судьяларымыздың тарапынан баяулық таныту байқалады.

Сондықтан да, өткізілгелі отырған семинар-тренинг уақытылы жасалып жатқан өзекті іс-шара деп түсінеміз, судьяларымыздың медиация институтының қыр-сырларына үңілуі, тәлім алып, тәжірибе жинауы сот төрелігін атқаруда жемісін әкелетініне, халқымыздың игілігіне жарап, қолдауға ие болатынына сенеміз,-деді сот төрағасы.

 

Семинарда алғаш сөз берілген кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Біріккен Ұлттар Ұйымы даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» жөніндегі біріккен жобасының үйлестірушісі Сүлейменова Ұлболсын Аждарқызы: «2014 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Жоғарғы Соты бітімгер-судьялардың қатысуымен сотта бітімгерлік үрдістерін қолданудың пилоттық жобасын қолға алды. Қазіргі таңда елімізде судьялардың қатысуымен бітімгершілік үрдістерін жүргізуді көздейтін жаңа Азаматтық Кодекстің жобасы даярлануда. Тараптарды бір-бірімен татуластыруды ұтымды жүргізу үшін судьялар медиацияны бітімгершіліктің сәтті құралы ретінде пайдалану дағдыларын меңгерулері қажет»,-деп мәлімдеді.

 

Ұйымдастырылып отырған «Медиация – дауларды реттеу формасы және дауларды соттан тыс шешу әдістері» тақырыбындағы біріккен семинар-тренингті «Медиация және дауларды балама түрде шешу» Орталығының кәсіби медиаторы, тренер Шарифбаева Халбүбі Садыққызы бастап, басшылық етіп, семинар өз жұмысын бастап кетті. Семинар екі күнге жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему