«Бәйшешек» қоғамдық қоры Ақтаулық жас жұбайларды «Ұлттық Отбасы күнімен» құттықтады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 21:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Бәйшешек» қоғамдық қоры Ақтаулық жас жұбайларды «Ұлттық Отбасы күнімен» құттықтады

14 Сентября 2014 (10:59) | 3941 | Автор: Редакция

 

Біздің елімізде 2013 жылдан бастап алғаш бекітілген «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

 

Бұл ұлттық мерекенің маңыздылығы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің қоғамымызда отбасы ұрпақтарымызды байланыстыратын, мәдени және рухани дәстүрімізді жалғастыратын үрдістеріміздің жалғасы болып табылады.

 

Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Өз шаңырағыңнан алған тәлім-тәрбие еліміздің салауатты болашағының кепілі.

 

Отбасы құндылықтарын сақтау, соның ішінде көп балалы болу-бұл біздің мемлекетіміздің бірінші сатыдағы міндеті болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері 6 миллионнан астам қазақстандықтар дүниеге келді. Еліміздегі азаматтардың саны 17 миллионға өсті. Қазақстан Республикалық-демографиялық саясатының сапасы-елдің өсіп-өнуі»,-деген болатын.

 

Аталмыш мереке еліміздің барлық аймақтарында аталып өтуде. Ақтауда осы мерекеге орай қалалық АХАЖ бөлімі қызметкерлері жас жұбайлардың заңды некесін тіркеп жатқан «Неке сарайында» «Бәйшешек» қоғамдық қоры мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының (ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы-Рима Молдаеваның) ұйымдастыруымен мереке күні отау көтерген жастардың жұбын құттықтап, оларға отбасын құру, репродуктивті денсаулықты сақтау, жас нәрестенің күтімі және т.б. отбасына қатысты қажетті мәселелер қамтылған ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

 

 

«Бәйшешек» қоғамдық қорының директоры Алтын Сақтағанова жаңа ғана салтанатты тіркеуден өткен жас жұбайларды құттықтап, Қор атынан оларға естелік сыйлық ұсынып, өзінің жүрекжарды тілектерін арнаумен қатар, 1 жыл бойына консультациялық көмек алып тұруға мүмкіндіктері бар екенін түсіндірді.

 

Ақтау қалалық әділет басқармасының бас маманы Джанан Асылдың мәлімдеуінше, «Жыл басынан бері дәл бүгінгі күнге дейін облыс орталығында 1805 жұп некелескен болса, ал бүгінгі «Отбасы күні» мерекесіне тұспа-тұс келген күнде 23 жас жұбайлардың некесі тіркелген».

 

«Бәйшешек» қоғамдық қорының директоры Алтын Сақтағанова:
-Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бүгінгі акцияны ұйымдастырып отырмыз. Бұл іс-шара бүгінгі-«Ұлттық отбасы күніне» орай өтіп жатыр.  Былтыр да бұл атаулы күнді мереке ретінде атап өттік, биыл да осы күнді отбасылық өмірге жаңа қадам басып жатқан жас жұбайларды құттықтап жатырмыз. Жас отаудың иелері атанып жатқан жастарға отбасын жоспарлау, бала өмірге келген соң оның денсаулығын қалай күту, баптап өсіру және осы сияқты түрлі сауалдарға жауап алуға болатын ақпараттық материалдарды таратып беріп, жыл бойына денсаулықты сақтауға байланысты кез-келген кеңес алу мүмкіндіктерінің барын айтып түсіндірудеміз.

Мұндағы мақсатымыз-отбасын нығайту, отбасының ажырасу мәселесін азайту, жалпы қоғамдағы әрбір отбасы ол-шағын мемлекет. Біздің мемлекетіміздің нығайып, өркендеуі, келешекке нық қадам басуы-әрбір отбасындағы ахуалға тығыз байланысты. Бүгінгі жастардың әрбір қадамы, сауаттылық деңгейі-келешектегі еліміздің мықты мемлекет болуының кепілі. Қазір жастарға мемлекет тарапынан өте көп қамқорлық, көмек жасалуда, кейбір жастар оны білмейді. Кейбір жке сектордың өкілдері өздері тарапынан жастарға қамқорлық танытуда. Жастарға көмек берудің жаңаша формаларын енгізіп жатыр. 

Бүгінгі акция сол жаңаша форманың түрі. Жас жұбайларға құттықтаулар мен сыйлықтар ұсынып, оларға ақпараттық-танымдық кеңес беріп жатқанымыз осы бүгінгі «Ұлттық Отбасы күнімен» құттықтауды жүзеге асыру»-деген өз пікірімен бөлісті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему