Мұнай қалдығынан үш түрлі өнім алынып жатыр
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнай қалдығынан үш түрлі өнім алынып жатыр

8 Сентября 2014 (08:50) | 17652 | Автор: Редакция

Мұнайлы ауданының аумағында мұнай қалдықтарынан кеме отынын өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Бұл - су көліктеріне қажетті жанармай шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт. ҚР Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаға енген жоба аймақтың экологиялық жағдайын шешуге де атсалысады, деп күтілуде. Ауаны ластап жатқан мұнай қалдықтары мен кемелерден шығатын қалдық суларды қайта өңдеп, кәдеге жаратады.

 

Маңғыстау облысының аумағында қазір шамамен 2,5 млн тоннадай мұнай қалдығы жатыр. Қатты мұнай қалдықтарының біразы, 1,6 млн тоннасы Жаңаөзен қаласының айналасына төгілген. Сонымен қатар бұл жерлердегі мұнай құбырларындағы апат салдарынан төгілген қара алтын бүгінде мұнай көлшіктеріне айналған. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға қауіп төндіріп, ауаны ластап жатыр. Жаңа ашылған кәсіпорын осы мәселені шешуді көздейді. Зауыт әзірге жылына 100 мың тонна қалдық өңдеуге қауқарлы. «Тапсырыс молайса, өндіріс қуатын арттыратын боламыз»,-дейді кәсіпорын басшысы. Зауыт мұнай қалдықтарынан қалдық қалдырмайтын инновациялық технологиямен жабдықталған. Мұнда жерде жатқан қара алтын қалдықтарынан үш бірдей өнім алынады.

 

Алғашқы өнім – кәдімгі құм. Таратып айтсақ, жерде жатқан мұнай қалдықтарын топырағымен қосып, алғашқы өңдеу жүргізетін контейнерлерге салады. Өңдеу процесі дұрыс жүру үшін су қосылады. Онда арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен қалдықтар екіге айырылады. Майлы су мен құм алынады. Құм – зауыттан шыққан алғашқы өнім болып табылады. Оны жол төсеуге, құрылыс саласына жұмсауға болады. Ал, майлы судан екінші өнім алу үшін келесі цехқа жіберіледі. Екінші цех автоматты түрде басқарылады. Мұнда білікті деген мамандар еңбек етіп жатыр. Олар құмнан айырылып келген майлы суды арнайы технологияның көмегімен сүзгіден өткізеді. Бірнеше мәрте тазартылған майлы судан техникалық су шығады.

 

Алпамыс Жұмабаев, Мұнай қалдықтарын өңдеу зауытының бас инженері:

-Маңғыстауда өздеріңіз білесіздер су тапшы. Біздің зауыттан шыққан техникалық су өндіріске таптырмайтын су. Сапасы жақсы, таза. Сонымен қатар шаң басуға, жол құрылысына пайдалануға болады. Біз тек қана мұнай қалдықтарынан емес, кемелерден шығатын лас суларды да тазартып, өнім аламыз. Бұл бір жағынан кеме қожайындарына да пайдалы. Себебі, кемеден шыққан май суларды олар теңізге ағызып жібере алмайды, арнайы заңмен қадағаланады ол, Каспий теңізін ластамаудың бір жолы – су көліктерінен шыққан қалдық суларды біздің зауытқа өткізу керек. Сонда мәселе ұтымды шешіледі.

Мұнай қалдығынан шығатын соңғы өнім – кемелерге қажетті жанармай. Қазір тәулігіне 30-40 текше метрдей сұйық отын шығарылып жатыр. Жуырда мамандар зауыт өнімінің халықаралық талаптарға сай екендігін растайтын құжат беріпті.

 

Асқар Суханбердиев, Мұнай қалдықтарын өңдеу зауытының бас директоры:

-Қазақстанда кеме отынын өндіретін зауыт жоқ. Сондықтан да еліміздің көк туын желбіретіп жүрген кемелеріміздің барлығы қажетті отынды өзге елдерден сатып алады. Біз отандық кемелерді сұйық отынмен қамту үшін «Қазақ теңіз көлік флоты» компаниясымен келісім жасауды көздеп отырмыз. Осылайша, теңіз жағаларына су көліктеріне арналған жанар-жағармай бекеттерін салсақ па дейміз. Кеден Одағы аясында жұмыс істеу де жоспарда бар.

 

Жаңа кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – ол жылжымалы кешеннен тұрады. Кез-келген мұнай қалдығы жатқан жерге барып, қалдықты өңдеуге ыңғайлы. Өндіріске қажетті қуат көзін де өндірлген отыннан алады екен. Басшылық экологиялық таза әрі үнемді жобаны «Экспо – 2017» көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр.

Зауыт басшылары жергілікті биліктің қолдауына зәру. «Әкімшілік мұнай қалдықтарын өңдеу үшін тапсырысты көптеп алуға қолұшын берсе, экологиялық мәселені оңтайлы шешіп берер едік»,-дейді зауыт басшылары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему