Парамен ұсталған маңғыстаулық салық қызметкерлері сотталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Парамен ұсталған маңғыстаулық салық қызметкерлері сотталды

5 Сентября 2014 (12:04) | 3615 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 5-бөлігімен айыпталған Маңғыстау облысы бойынша Салық Департаментінің Салық Аудит басқармасының бұрынғы басшысы С.Ахметалиев пен №1 аудит бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған Н.Жолдыбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды.

 

Олар мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті лауазымды адамдар бола тұра, алдын ала сөз байласып, аса iрi мөлшерде пара алып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қасақана аса ауыр қылмысты жасаған. Яғни, салық міндеттемелерін толық орындамаған бір серіктестіктің заңбұзушылықтарын анықтап, сол үшін жалпы сомасы 4 000 000 теңге параны алып жатқан жерлерінде Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖҚД қызметкерлеріне қолма қол ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушылардың кінәлары өздерінің жартылай мойындауымен, куәгерлердің берген мәліметтерімен және заттай дәйектермен толықтай дәлелденді.

 

Сот үкімімен Н.Ахметалиевке жеке мүліктерін тәркілеумен, 3 жыл мерзімге дейін қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Н.Жолдыбаев жеке мүліктерін тәркілеумен, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды».

 

«Сотталушылар сот залынан қамауға алынып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колонияларында өтеу белгіленді.

Сот үкімімен келіспеген тараптар 15 күн ішінде Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағым немесе наразылық келтіре алады,-деп хабарлайды Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему