Ақтау прокурорлары студенттерге  құқықбұзушылықтың салдарын түсіндірді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау прокурорлары студенттерге құқықбұзушылықтың салдарын түсіндірді

5 Сентября 2014 (07:32) | 2429 | Автор: Редакция

Қалалық прокуратураның қызметкерлерінің бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш проблеманы шешуге арналған, облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта өткен жиынға Политехникалық, Энергетикалық және Туризм колледждерінің студенттері қатысты.

 

Жастар алдында бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесіне айналған ұсақ құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушцілікті қалыптастыру тақырыбында түсіндірулер жасауға Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов, Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Самат Нысан және политехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

 

Жиынға қатысқан студент жастарға арнаған сөзінде Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов: «Тәртіп бұзушылыққа мүлдем төзбеу деген құбылыс, жоқ жерден пайда болған нәрсе емес. Себебі әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде әр қадамын тәртіп сақтаудан бастаса, өзінің басын түзу алып жүретін болса, біздің қоғамымызда тиісті тәртіп орнайтыны сөзсіз.

 

Елбасымыздың елмен әрбір кездесуі кезінде халыққа айтар ақыл-кеңесі әрқашан осыған арналады. Ұсақ құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік дегенге келсек, ол біздің қаламызда осыдан 2 жыл бұрын жүзеге асырыла бастаған болатын.

 

Бұл мәселеде өздеріңіз білетіндей, көшеде келе жатып, ішкен сусынының ыдысын лақтыра салу немесе отырған жеріне шемішке шағып, оның қабықтарын шашып кету арқылы қоршаған ортаны, қала көшелерін ластау сияқты тәртіп бұзушылықтардың кеңінен таралғаны мәлім.

Күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі келеңсіз құбылысқа әрбір адам немқұрайлы қарамай, қоғамдық тәртіптің сақталуына барша жұртшылық мүдделі болған жағдайда ғана біз дамыған, өркениетті, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ене аламыз.

 

 

Жастарға айтар сөзіміз-өздеріңіздің эмоцияларыңызды, тасыған күш-жігелеріңізді жат қылықтар жасауға шығындағанша, қаладағы орындықтарды сындырып, түнгі мезгілде көліктердің дабылын қосып, көшені шуылдатумен айналысқанша, энергияларыңызды спортпен шұғылдануға арнасаңыздар пайдалы болары сөсіз,-деген өз ойын білдірді.

 

Қала прокурорының көмекшісі Аманжол Айтуғанов өзінің баяндамасында қоғамдағы тәртіп бұзушылықпен күресу жолында азаматтарлың оларға мүлдем төзбеушілік танытуының маңызы, бүгінгі таңда қалалық ішкі істер басқармасы тарапынан осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Политехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына да сөз кезегі берілгенде ұстаз ертеңгі күні ел тізгінін қолына ұстайтын студент-жастарды тәртіп бұзып, абыройдан айырылудан аулақ болуға шақырды.

 

Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев: «Бүгінгі жиынның мақсаты-қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, қала тұрғындарының, әсіресе жас буынның осы бағыттағы мәдениетін қалыптастырып, олардың сана-сезімін ояту, қоғамдық орындарда тазалық сақтап, демалыс орындарын таза ұстауды насихаттау болып табылады.

Елбасымыздың әрбір азамат өзінің туған қаласына, өзі тұратын көшесіне өз үйіндей көзқараспен қарағанда ғана біз өркениетті, дамыған ел бола аламыз деген сөзін басшылыққа алар болсақ, біздің қоғамымыздың бұдан ұтары мол болатыны анық.

Келесі жылдан бастап ұсақ құқықбұзушылықтар үшін қолданылатын жазаның күшейтілуі көзделіп отыр. Біз де өз тарапымыздан осы тәрпіпсіздіктерді болдырмауға бағытталған түрлі шараларды күшейте түсетін боламыз. Қоғамдағы ұсақ құқықбұзушылықтарға бүкіл халық болып қарсы тұрып, біріккен түрде күрескен жағдайда ғана, оларға қала тұрғындарының мүлдем төзбеушілігін қалыптастырған кезде ғана біздің қаламыз таза болып, жан-жақты тәртіп орнайды деуге болады»,-деп мәлімдеді.

 

Қалалық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Самат Нысан жастарға арнаған сөзінде былтырғы жылғы осы мезгілмен салыстырғанда қаладағы ұсақ құқықбұзушылықтар санының өсе түскенін тілге тиек етті.

Былтырғы жылы олардың саны 6 000 болса, бүгінгі таңда ол 9921-ді құрап отырғанына тоқталып, қазіргі таңда тиісті құзырлы орган осы құқықбұзушылықтарды азайту бағытында қалада 25 интеллектуалдық бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.

 

Олар қоғамда жасалатын тәртіпсіздіктердің ізін суытпай анықтауға мүмкіндік туғызып, қаладағы тұрғын үйлердің аулалары, базарлар, теңіз жағалауы және демалыс орындарына қойылатыны туралы хабардар етті.  Маңғыстау знергетикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сырым Жаңбырбаев: «Біздің оқу орынында да осы бағыттағы тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып тұрады. Студенттеріміздің ата-аналарымен де тығыз қарым-қатынаста болып, оларды да тәрбие бағытындағы жұмыстарға қатыстырып отырамыз.

 

Тазалықты сақтау мақсатында студенттерді сенбілікке қатысуға жұмылдырып, көшеде шылым шегіп, шемішке шағу, олардың қалдықтарын кез-келген жерге тастай салудың мәдениетсіздік, қоғамдық орындарды ластау екенін үнемі айтып түсіндіріп, жастардың санасына әсер етіп отыруді өзіміздің міндетіміз санаймыз»,-деген пікірімен бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему