Ақтау қалалық әкімшілігінің ақпарат орталығында медиатордың кабинеті ашылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық әкімшілігінің ақпарат орталығында медиатордың кабинеті ашылды

26 Августа 2014 (08:36) | 3321 | Автор: Редакция

Қалалық әкімшіліктің ақпарат орталығында Ақтау қалалық прокуратурасының қолдауымен медиатордың кабинеті ашылғаны туралы белгілі болды.

Енді азаматтар үшін күнделікті өмірде болып жататын кез-келген дау-дамайлы жағдайларды кәсіби медиатор маманның көмегімен бейбіт шешудің мүмкіндігі туды.

ТМД экономикалық сотының халықаралық арашашысы, бапкер-медиатор Жанділдә Жақыпов жаңадан ашылып жатқан медиатор кабинетінің алқызыл лентасын кескен соң кәсіби медиатор мамандығын игерген әріптестерін қызу құттықтап, осындай мүмкіншілікке қол жеткізуге септігін тигізіп, қолдау көрсеткен Ақтау қалалық прокуратурасының басшылығына шынайы ризашылығын білдірді.

Жанділдә Әжіғалиұлы: «Қадағалау органы-қалалық прокуратураның үлкен қолдауымен қала әкімшілігі ғимаратынан осы медиатор кабинеті ресми түрде ашылып отыр. Прокуратура басшылығына алғысымыз шексіз. Қоғамға қажетті қызметімізді жасау үшін прокуратура бізге жағдай жасап жатыр осы бөлмені бөліп.

Мұнда жуық арада кәсіби медиаторларымыз жұмыс жасайтын болады. Олар ертеден кешке дейін халыққа бітімгершілік рәсімін жасап отырады.

Қала әкімшілігінің ғимаратын барлық тұрғындар біледі, сондықтан өте ыңғайлы орын деп есептейміз.

Өмір болған соң қоғамда түрлі дау-дамайлар болып тұратыны заңды құбылыс. Көп жағдайларда келіспеушілік орын алып отырады. Сондай кезде осы бітімгер-медиатор маманның көмегімен азаматтар өздері шығаратын шешімге қол жеткізе алады. Ол үшін кәсіби медиаторларымыз көмектеседі.

Мемлекет тарапынан бекітілген 48 академиялық сағат тарапында медиаторларды оқыту бағдарламасы бар. Ол бойынша медиаторларды адамдармен сөйлесу, жұмыс жасау тәсілдеріне толық үйретіп шығарамыз.

Медиатор дегеніміз кім? ҚР Заңына сай 25 жасқа толған, арнайы оқудан өткен, жоғары білімі бар, сотталмаған, сосын нарко-психодиспансерлік есепте жоқ азаматтар медиатор бола алады.

Медиаторлар жұмыс барысында өздері үйренген адамдарды татуластыру әдістерін қолданып, ықпалын тигізеді.

Медиатор шешім шығармайды, ол тек қана дауласқан тараптардың өзара отырып, ортақ шешімге келуіне жағдай жасайды.

Өзара келісіп, даудан шығу жолдарын іздеуге көмегін тигізеді. Сондай тұлға бізде кәсіби медиатор болып табылады»,-деген түсінік беріп өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему