Маңғыстаудың дарынды жастарының интеллектуалдық дамуын «Заңғар Асу» қоғамдық қоры қолдайтын болады
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың дарынды жастарының интеллектуалдық дамуын «Заңғар Асу» қоғамдық қоры қолдайтын болады

20 Августа 2014 (09:22) | 6449 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысының аясында облыс көлемінде зияткерлік қозғалысты қолдау, ауыл жастарының шығармашылығын дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыруды мақсат тұтқан үкіметтік емес ұйым-«Заңғар Асу» қоғамдық қоры өз қызметінің барысы туралы баяндап, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, баспасөз мәжілісін ұйымдастырды.

 

Аймақтың дарынды жастарын қолдауды мақсат еткен «Заңғар Асу» қоғамдық қоры енді облысқа ортақ зияткерлік клуб құруды жоспарлауда. Осыдан 3 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2011 жылдың 28 қыркүйегінде тұсауы кесілген аталмыш үкіметтік емес ұйым өңірдің білім беру саласына өзінің айтарлықтай үлесін қосып, жас буынның интеллектуалдық жағынан дамуына зор еңбек сіңіру арқылы, өз шәкірттерін республикалық, халықаралық деңгейде танытып келеді.

 

Жиын барысында өңірдегі дарынды жас өрендерді қолдау ісінің жай-күйі туралы әңгіме қозғалып, осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруды қолға алған аталмыш қордың бүгінге дейін атқарған істері мен келешекке бағдарлаған жоспарлары туралы баяндалды.

 

«Заңғар Асу» қоғамдық қорының директоры, жоғары санатты мұғалім, білім беру саласында 42 жыл талмай еңбек еткен тәжірибелі ұстаз Дүйсембаева Аққалам апайдың айтуынша: «Егеменді еліміздің өркендеуінің ең негізгі басымдықтарының бірі-білім және біліктілік. Мемлекет саясатының білім берудегі басты міндеті-ерекше дарынды тұлғалардың дамуына жағдай туғызу қажеттілігі болып табылады. Жастардың қажеттілігі мен талантының толық ашылуы тек өзіне ғана емес, қоғамға да пайдалы екені анық. Сондықтан облысымызда зияткерлікті дамыту аса қажет.

 

Бүгінгі таңда өлкемізде дарынды жастарды дамыту, қолдау әлі де болса, өз дәрежесінде емес. Оның себептері мынада: жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға жете көңіл бөлінбеуі, зияткерлер клубы қызметінің тиянақысыздығы, жастар белсенділігінің төмендігі және жастардың шығармашылық қабілетінің көрінбеуі, сонымен қатар БАҚ беттерінде зияткерлік бағытта жүргізілген іс-шаралар туралы мақалалардың аз жариялануы».

Білікті ұстаз Аққалам Үркімбайқызы: «Облыс көлемінде зияткерлікті дамытудың басты мақсаты-аймақта зияткерлікті қолдау, дамыту және қабілетті, дарынды жастарды анықтау, республикалық, халықаралық сайыстарға командалар, жеке білікті жас өрендерді шығару. Осындай мақсаттарға жету үшін мына міндеттерді орындау қажет: өңірде зияткерлер клубының жұмысын жандандырып, командалар санын ұлғайту, жастар белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін айқындау үшін зияткерлік ойындардың негізінде түрлі сайыстарды көбейту, республикалық сайыстарға қатысатын командаларды анықтап, дер кезінде қатыстыру қажет», дей келе өзі басшылық жасап отырған «Заңғар Асу» қоғамдық қорының зияткерлікті қолдап, дамыту бағытындағы іс-шараларының жоспарларымен бөлісті.

 

Қордың жоспарына сай, жауапты қызмет басшыларымен байланыс жасау арқылы облыста зияткерлер клубын жандандырып, оның жұмысын жолға қоюды, жекеленген аудандар мен қалалар бойынша жастар арасында тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарынан іріктеу сайыстарын өткізу көзделіп отырғаны туралы кеңінен әңгімеленді.

 

«Заңғар Асу» қоғамдық қорының тренер-сарапшысы, Мұнайлы ауданы №5 орта мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары тарихшы, 32 жыл білім беру саласында қызмет етіп келе жатқан білікті ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Аталиков Якуб Қайырұлы да кездесу кезінде өңірдегі жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың өзекті мәселелеріне тоқтала отырып, өз пікірімен бөлісті, қазақ мектептеріндегі жас өрендердің қабілет-қарымын дамытудың өзіндік жолдары, бұл бағытта қолға алынып жатқан шаралар, келешекте атқарылар істер жайлы тілге тиек етті.\

 

Ауыл жастарын қолдайтын қоғамдық қор қазір оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауды мойнына алған. Пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларында қор дайындығынан өткен білімпаз балалар үнемі жүлделі орындарды иеленуде.

 

 «Заңғар Асу» қоғамдық қорының директоры Аққалам Үркімбайқызының мәлімдеуінше, «2014 жылдың мамыр айында әлеуметтік тапсырыс аясында мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіптік бағдар беру шараларын жүзеге асырдық. Бұл шаралар өз нәтижесіне жетті. Қорда мектеп оқушыларына арналған дайындық орталықтары жұмыс жасайды. Онда ҰБТ-ға дайындалатын, ғылыми жобаларға қатысатын балалар дайындалады. Әрі білімін теңестіру бағытында, яғни қай пәннен баланың үлгерімі төмен, сол бағытта оқушы дайындықтан өтеді.

 

Зейнеткерлікке шыққаны бар, жұмыс жасап жүргендері бар, әр пән бойынша ұстаздар жұмыс жасайды және осы жұмыстарымыздың нәтижесін көріп жүрміз. Бізде дайындалған шәкірттеріміз халықаралық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алып келгендері бар. Осы қоғамдық қор құрылғалы ашылған «Зерде» атты жас ғалымдардың шығармашылық орталығы бар, онда 1-7 сынып арасындағы оқушылар дайындалады.

 

 Биылдың өзінде екі оқушымыз Байқоңырда өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жоба байқауында жүлделі орындарды жеңіп алып, 125 ұпай санымен ҰБТ-да жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

 

Маусым айында Ішкі саясат басқармасының «Облыс көлемінде зияткерлікті қолдау, дамыту» бағытындағы тапсырысын алдым. Енді қоғамдық қор осы бағыттағы жұмыстарды атқаратын болады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему