Аудандардағы «ХҚКО» бөлімдерінде «Қазпочта» АҚ-ның кассалары ашылды
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 00:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аудандардағы «ХҚКО» бөлімдерінде «Қазпочта» АҚ-ның кассалары ашылды

15 Сентября 2014 (08:00) | 3171 | Автор: Редакция

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы мен «Қазпочта»АҚ Маңғыстау облыстық филиалы арасындағы өзара келісім бойынша, облысымыздың аудандық «ХҚКО» бөлімдерінің барлығында дерлік «Қазпочта» АҚ кассалары жұмыс істеуде»,-деп хабарлайды «ХҚКО» РМК Баспасөз қызметі.

 

Облысымыздың Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Қазпочта» АҚ кассалары ашылды. Енді осы айда Құрық кентіндегі ХҚКО бөлімінен де ашылу жоспарлануда.

 

«Біздің басты мақсатымыз, халықты кез келген төлем үшін касса іздетіп сабылтпай, барлық шаруасын осы орталықтан бітіріп кетуіне болатындай жағдай жасау болып отыр»,-дейді филиал директорының орынбасары Ғалым Шәбдезім.

 

Айтса айтқандай, бұған дейін аудан орталықтарындағы көптеген бөлімдерде касса болған емес. Орталыққа ең азы жеке куәлігін ауыстыру үшін келген жұртшылық, айналдырған төрт-бес жүз теңгесін төлеу үшін, көше кезіп, касса іздеп кететін.

 

Айта кететін тағы бір жайт, негізі бұл төлемдерді касса болмаған күннің өзінде, кез-келген банктің төлем карточкалары арқылы, онлайн режимінде де төлей беруге болады,-деп ескертеді «ХҚКО» РМК Баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему