Ақтаудағы №6 орта мектепте «Денсаулық сабағы» өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы №6 орта мектепте «Денсаулық сабағы» өтті

4 Сентября 2014 (10:07) | 5702 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының жалпы орта білім беру мектептерінде 2014 жылдың 1-7 қыркүйегі аралығында «Туберкулез тоқтатылсын!» ұранымен «Денсаулық апталығы» ұйымдастырылып өткізілуде. Шараны ұйымдастырушылар Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы. Жаңа оқу жылы басталған алғашқы аптаның әр күні арнайы кесте бойынша қала мектептерінде дәрігерлердің қатысуымен оқушыларға арналған «Денсаулық сабақтары» өткізілуде.

 

Бүгінгі күні дәл осындай шара Ақтау қаласының 6-шағынауданында орналасқан №6 орта мектепте ұйымдастырылды. 8-9-10-11 сынып оқушыларына арналған «Денсаулық сабағын» облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары Қадыралиев Ибрагим Меңдіғалиұлы мен аталмыш емдеу мекемесінің фтизиатр-дәрігері Сүндет Қуатұлы өткізді.

Дәрігерлер оқушыларға туберкулез сырқаты жайлы түсінік бере отырып, бұл аурудың пайда болу себептері, неден жұғатыны, клиникалық белгілерінің байқалуы және одан сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат берді.

Мектеп ұстаздары оқушыларға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы даярлаған «Туберкулезден қорғану жолдары» аталатын ақпараттық парақшаларды таратып берді.

 

Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары Қадыралиев Ибрагим Меңдіғалиұлының мәлімдеуінше: «Қазір еліміз бойынша және біздің аймақта да бұл сырқатқа әсіресе мектеп жасындағы жасөспірімдердің шалдығуы жоғарылап тұр. Облыс мектептерінде кең көлемде ұйымдастырылып отырған арнайы акцияның мақсаты-қоғамда және мектеп оқушылары арасында осы сырқаттың таралуының алдын алу, ата-аналарды, балаларды аурудан сақтандыру, сол себепті облыс бойынша мектептерде балаларға арнайы дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Жасөспірімдер арасында бұл сырқаттың көп таралу себебі-балалар осы аурумен ауырған жанұя мүшелерімен байланыста болғандықтан әрі жаңа қалыптасып, өсіп келе жатқан жас организм, нығаймаған күйінде, оның қорғаныш болатын иммунитеті әлсіз болғандықтан сырқатты тез жұқтырады».

 

№6 орта мектептің директоры Ускинова Гүлшара Тәжиқызы: «Облыс көлемінде «Денсаулық апталығы» жыл сайын өтіп жатады. Облыстық денсаулықсақтау басқармасының арнайы жасақталған кестесіне сай бүгін «Денсаулық сабағы» біздің мектебімізде өткізілуде.

Біздің мектебімізде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы сынды мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Жыл бойына дәрігер-мамандар оқушыларға денсаулық тақырыбына арналған дәрістер оқып, дөңгелек үстелдер, арнайы сабақтар ұйымдастырып тұрады.

Сонымен қатар мұндай тәрбиелік бағыттағы шараларды біз мектебіміздің жылдық жоспарына да қосқанбыз. Өз тарапымыздан, ата-аналарға да, оқушыларға да денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданудың пайдасы, маңызы жайлы түрлі тәрбиелік шараларды үнемі ұйымдастырамыз.

Мектебімізде денсаулық мәселесіне арналған апталықтар өткізіліп тұрады. Мысалы балалардың дене сымбатын қалыптастыру мақсатында күнде таңертең физминутка өткізіледі.

Осы аптаның аяғында ««Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр!» деген ұранмен мектеп ұжымы, ұстаздар мен оқушылар қатысатын флэш-мобты ұйымдастырумен «Денсаулық фестиваліне» қатысуды жоспарлап отырмыз.

 

Осы апта бойына сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен әрбір сыныпта түрлі шаралар өткізіледі. Сосын мектебімізде ұзақ жыл бойына еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі медбике Далари Эммамаисовна да өз жұмыс жоспарына сай оқушыларға денсаулықты нығайту шараларын ұйымдастырып отырады.

 

Сонымен қатар дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары да балалардың дені сау, шымыр болып өсуіне ықпал ету мақсатында түрлі спорттық шараларды жыл бойына ұдайы өткізіп, сынып жетекшілері мен ата-аналарды қатыстыра отырып, мектепаралық, сынып аралық спорттық сайыстар ұйымдастырып отырады.

Бұл мектептегі тұрақты түрде өткізілетін тәрбиелік шаралар,-деген мәліметтермен бөлісті..

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему