Ақтау қалалық прокуратурасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырды

4 Сентября 2014 (04:23) | 2760 | Автор: Редакция

Сәрсенбі күні алдын-ала жергілікті БАҚ-та қала тұрғындарына хабарланғандай Ақтау қалалық прокуратурасы тұрғындар арасында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдап, заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету ісіне прокурорлармен бірге Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілі С.Мұханов, қалалық білім бөлімінің өкілі С.Сарғожаевалар қатысты.

                 

Ақтау қаласының тұрғыны Д. есімді азаматтың тұрғын үй мәселесі бойынша өзінің заңды құқығын қорғай алмай жүргеніне біраз уақыт өтіпті. Соттың барлық сатыларынан өтіп, талай заңгердің ақылы қызметін пайдаланғанмен әлі күнге дейін дауға айналған мәселесі шешілмеген соң, қалалық прокуратурадан заңды құқығын қорғап, әділдік орнатуға көмектесулерін сұрап келгенін айтты. Ол қалалық прокуратура қызметкерлерінің өзіне бұдан бұрын да көмектескенін жеткізді. Осы жолы да мәселесін түпкілікті шешуге аталмыш құқыққорғау органы тарапынан қолдау көрсетілетініне сенімі мол екенін жасырмады.

                

Ал 75 жастағы зейнеткер Инна Василийқызы Давыденко болса, қызының қазасынан кейін 18 жыл өткеннен соң күйеу баласы қатты сырқаттанып, қамқорлыққа зәру болып отырғаның, оған өзінен басқа көмек қолын созатын жанның жоғын айтып, күйеу баласына қамқорлықты рәсімдеу арқылы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін арызданып жүргенін жеткізді.

Құр уәде беріп, мәселеңді оң шешіп берем деп, алдап кеткен алаяқ әйелдің кесірінен зейнеткер бар жиған-терген 4 000 АҚШ доллар қаржысынан айырылыпты.  Осы сынды түрлі арыз-шағымдарымен қоғамдық қабылдауға келген біршама тұрғындар прокурорларға басындағы жайттарды түсіндірсе, олардың шағымдарын мұқият тыңдап, құжаттарымен танысып шыққан прокуратура басшылары мен қала әкімшілігінің өкілдері мәселені заң тұрғысынан қарау арқылы арызданған азаматтардың баршасына да құқықтық көмек көрсетуге тырысты.

                 

Ақтау қаласының прокуроры Талғат Айтбайұлы Әлібаев: «Ашық есік» күні-Бас Прокуратураның бекіткен Ережесіне сәйкес, әр тоқсан сайын қала тұрғындары үшін ұйымдастырылып отырады.

Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың арыз-шағымдарының негізгі бөлігі тергеу амалдарының тиісті дәрежеде жүргізілмеуі, сот органдарының шешімдеріне келіспеу, әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй және жер мәселелеріне байланысты болып отыр.

 

Бүгінгі таңда қабылдауға келген болсын немесе почта арқылы арызын жолдаған азаматтардың барлығының шағымдары тексеріліп, заң тұрғысынан толықтай жауап берілетін болады. Азаматтардың арыздары бойынша заң бұзушылықтар анықталатын болса, прокуратура тарапынан шара қолданылатын болады.

 

Азаматша Инна Василийқызының шағымы бойынша, оның өз күйеу баласына қорғаншы болу туралы арызын сот қабылдамаған, себебі оның құжаттарының кейбірі толық болмаған. Біз ол кісінің арызын қарап, арыз иесіне заңды түрде жауабын беретін боламыз. Қажет болған жағдайда бұл азаматшаға біз өз тарапымыздан заң тұрғысынан құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсететін боламыз.

Қолдан келгенше, барлық заңды түрдегі шараларды қолдануға тырысамыз»,-деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему