Маңғыстау облысы аймағында энтеровирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қалыпты
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы аймағында энтеровирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қалыпты

20 Августа 2014 (09:15) | 6309 | Автор: Редакция

 

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігінің Маңғыстау облысы ТҚҚ Департаменті энтеровирусты инфекцияның профилактикасы бойынша біршама алдын-алу шараларын жүргізуді қолға алды.

 

Бұл жайында біздің басылымға Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қадыр Марал Жұмабекқызы толық мәлімет берді.

 

Департамент басшысының мәлімдеуінше, «Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы елімізге жақын орналасқан көршілес және ТМД мемлекеттерінде (Грузия, Армения, Қырғызстан, Молдова және т.б.) энтеровирусты инфекциямен ауру тұрғындар арасында жоғарылауына байланысты, облыс аймағында энтеровирусты инфекцияның сырттан әкелініуі мен таралуын болдырмау мақсатында, алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

 

2014 жылдың 6 айында энтеровирусты инфекцияның тіркелу жағдайы республикамызда да жоғарылап отыр. Астана қаласында ағымдағы жылдың басынан энтеровирусты инфекцияның (серозды менингит) 46 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп, соның ішінде, аурудың 50 %-ын 4-6 жастағы балалар, 20 %-дан астам бөлігін 7-9 және 10-14 жастағы балалар құрайды. Бұл алаңдататын жағдай.

 

Осы қалыптасқан жағдайға байланысты Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігер қол қойған 2014 жылғы 18 шілдедегі «Энтеровирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» №16 Қаулысы шықты.

 

Сол құжатқа байланысты жергілікті жерлерде қандай шараларды қолға алу қажет, ең басты шаралар, бұл-санитарлық-гигиеналық шаралар, қоғамдық орындардың тазалығы, тұрмыстық гигиена, ауыз судың тазалығы, су қоймаларының тазалығы, тағам гигиенасы және жеке бас гигиенасы және тұрғындар арасында санитарлық-ағарту шараларын жүргізу болатын. Бұл шаралар бойынша әркімнің міндеті осы Қаулыда бөліп-бөліп көрсетілген.

 

Негізінен энтеровирусты инфекцияға шалдыққандардың басым көпшілігі жас балалар болғандықтан балабақшаларда, мектептерде, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру орындарында тазалық жұмыстарына басты көңіл бөлу, барлық гигиеналық талаптардың қатаң орындалуына бақылау жүргізу облыстық білім басқармасының басшысына тапсырылды.

 

Одан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармаларына, емдеу қызметкерлеріне, жалпы емдеу мекемелерінде емдеу-сауықтыру шараларын жүзеге асыру, ең бірінші, ауруды анықтау, диагозын қою, сосын оның анализдерін алу шаралары, ал бізге-санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелеріне беріліп отырған тапсырмалар: жалпы қадағалау, жалпы алдын-алу шараларын қамтамасыз ету, бақылауға алу, сосын оған эпидемиологиялық және зертханалық мониторинг жүргізу жөнінде болып отыр.

 

Бұл жерде аса көп көңіл бөлінетіні-су қоймаларының тазалығы. Себебі аталмыш инфекция лас су арқылы тарайтын болғандықтан, бассейндер, балалар көп жиналатын орындар-аквапарктер, су бұрқағының айналасына жіті көңіл бөлу тапсырылған, себебі ол жерлерде балалар көптеп жиналады. Сондықтан біздер бұл жерлерде апта сайын анализ алып, зертханалық сынамалар жүргізу үстіндеміз.

 

Маңғыстау облысы бойынша бұл ауру жөніндегі жағдай бүгінгі таңда-тұрақты. Бар-жоғы бірінші жартыжылдықта анықталған 13 аурудың тек қана үшеуінің диагнозы-энтеровирусты инфекция екені зертханалық жолмен дәлелденді. Бұл індетке жатпайтын жағдай, бірақ, сырқат бірлі-жарлы тіркелгендіктен оның таралып кетпеуі үшін, алдын-алу шараларын күшейтуге міндеттіміз».

 

Облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Марал Жұмабекқызының айтуынша, «Бұл жұмыс өз жалғасын табуда. Профилактикалық шараларды күшейту мақсатында біз облыс әкімі орынбасарының жанындағы денсаулық сақтау ісі бойынша үйлестіру кеңесінде талқыладық.

 

 

Аталмыш жиында да біз әркімге тиесілі міндеттерді анықтадық, аудан-қала басшыларының орынбасарларына, денсаулық сақтау басқармсына, облыстық білім басқармасына және біздің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тапсырмалар бөлініп берілді.

 

Осы шаралардың Маңғыстау өңірінде толық жүзеге асуын қадағалау мақсатында Республикалық Ғылыми Орталықтың эпидемиологы Айнагүл Мұқанқызы Қуатбаева келіп, біздің өңірде үлкен-үлкен семинарларды ұйымдастырды.

 

Олардың ең көлемдісі-медицина қызметкерлеріне арналған семинар. Осы аурудың клиникасы, диагностикасы, алдын-алу шараларын, ауырған жағдайда емдеу шараларын қалай жүзеге асыру керек екені жөнінде облысымыздың барлық аудан-қалаларының педиатрларын, эпидемиологтарын, инфекционисттерін, вирусологтарын және терапевттерін жинап, үлкен семинар-сабақ өткізді.

 

Сонымен қатар, судың тазалығы жөнінде коммуналдық мекемелер мен су мекемелерінің мамандарын жинап, олармен де семинар өткізді.

 

Осы аталған Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігердің Қаулысы толық жүзеге асқан жағдайда энтеровирустық инфекция індеті Маңғыстау өңірінде таралмайды деген ойдамыз.

 

Дегенмен де бұл тұрғындарымыздың өздерінің санитарлық сауаттылығына да байланысты, сондықтан да аймақ тұрғындарын ақпараттық құралдар арқылы ескерту мақсатында осы жайлар жөнінде хабарлап отырмыз».

 

Департамент басшысы: «Энтеровирус» деген сөз қазақ тіліне аударғанда «іштің вирусы» деген мағынаны білдіреді. Себебі ол ішке түскеннен кейін кәдімгі іш ауруы сияқты таралады, лас қолдың ауруы деп есептеледі. Ең бірінші, тұмау сияқты болып, көзі қызарып, түшкіріп, балалардың тамақтары қырнап, ауруға ұшырайды да, одан кейін іш өту пайда болады. Денесінің қызуы көтеріледі.

 

Сырқаттың таралу жолдары-лас қолдар арқылы, лас, жуылмаған көкөніс өнімдері арқылы. Сондықтан да осы іш аурудың маусымы кезінде көкөніс өнімдерінің көп, жаппай сатылымы кезінде біздің тұрғындарымыз осы аурудан сақтана білуі тиіс. Осы жайтты ескертікіміз келеді. Мысалы, қауын-қарбызды далада лас жерде сатып отырған жерден сатып алып, оны кір-кір пышақпен кесіп қарайды адамдар, сосын үйіне алып барам дегенше жаңағы ішіне түскен микробтар тарайды, сосын осы қауын-қарбызды жеген үйдегі адамдар жаппай ауырады.

 

Міндетті түрде оларды бүтін күйде сатып алып, үйге келген соң ағын судың астында жақсылап жуып алу керек. Сосын әсіресе балаларды қолдарын таза ұстауын қатты қадалаған жөн.

 

Даладан келгенде, тамақ жердің алдында, дәретханадан кейін қолдарын сабындап жууын қадағалау қажет, себебі балалар көбіне топырақпен ойнағанды жақсы көреді, бассейннің айналасында, лас жерлерде көп ойнайды, мысалы, аквапарк, фонтандардың айналасында бір-біріне су шашып ойнауы мүмкін.

 

Теңізге түскен кезде оның суын ауызға алмау, жұтпау, қолын аузына салмау сияқты қарапайым гигиеналық шараларды қатаң сақтау керек.

 

Егер ауырып қалған жағдайда бала қызулап, тамағы қырнап, ауыз-мұрынның айналасына, кейде қолдарына, шынтақ маңайларына, теріге ұшық сияқты бөртіктер шығады, ондайда дереу дәрігерге көрініп, тиісті емдерін алу қажет.

 

Көбіне аналары балаларын ангинамен ауырды деп үйден емдей береді. Сосын стоматит деп ойлап, дәрі алып, ауыз қуысын сүртіп жүре береді. Энтеровирус дәл стоматит және ангина сияқты басталуы мүмкін.

 

Алайда денедегі бөртіктер жарылып, олардағы сұйықтықтың микробы айналаға тараған сайын ауру кең тарала береді.

 

Сосын қазір біздегі жиі болып тұрған шаң да сол инфекцияны таратушы болып табылады,-деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему