Ақтауда ғасыр дерті-нашақорлықтың Қазақстандағы ахуалы талқыланды
Курс валют в Актау
на 08/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
8 Мая, 16:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ғасыр дерті-нашақорлықтың Қазақстандағы ахуалы талқыланды

28 Июля 2014 (06:55) | 5217 | Автор: Редакция

 

Облыстық денсаулық сақтау Басқармасында (ОДСБ) ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің штаттан тыс бас наркологы, «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары жөніндегі Республикалық орталығы» МКҚК директоры Алтынай Төкенқызы Ескалиеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасы бойынша нашақорлықтың ахуалы», «Наркология қызметіндегі проблемалар» тақырыбында семинар өтті.

     

Өзекті мәселеге арналған жиынға ОДСБ басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаев, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Е.Күмісқалиев, облыстық білім басқармасы, ІІД-нің өкілдері, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарлары Б.Алмабек, Л. Есенғалиева, «Бәйшешек» қоғамдық бірлестігінің директоры А. Сақтағанова, сонымен қатар өзге де ҮЕҰ жетекшілері қатысты.

 

Жұмыр жерді шырмауықша шырмап келе жатқан дерт-нашақорлыққа қарсы күрес толассыз жүргізілсе де, оны түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін болмай келеді.

 

Нашақорлық (гректің nark-қимылсыздық, mania-ессіздік, құштарлық мағанасында)-есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт.

 

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде..

 

Бүгінгі күні есірткілерді тарату мен тұтынуға байланысты Қазақстандағы ахуал кәзіргі заманғы қоғамның әлеуметтік келеңсіз көріністеріне тез және жиі ұшырағыш кәмелетке толмағандардың, балалар мен жасөспірімдердің өміріне төнген нақты қатер болуда.

 

Қазақстанда нашақорлықты жеңу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: есірткілерді еліміздің аумағына жасырын әкелуді болдырмау; есіркілерді таратуға және қолдануға тыйым салу; есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу. Өскелең ұрпақ арасында жеке басының психологиялық қиындықтарын және өмір проблемаларын өз бетімен шеше алатын, психоактивті заттарды, оның ішінде есірткілерді қабылдауды қажет етпейтін, психикасының саулығын, жан-жақты дамуды тәрбиелеуге ықпал ететін профилактикалық жұмыс басымды бағыт ретінде мойындалды.

 

Сөз кезегі ұсынылғанда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің штаттан тыс бас наркологы, «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары жөніндегі Республикалық орталығы» МКҚК директоры Алтынай Ескалиева еліміздегі нашақорлықтың ахуалына тоқталды.

 

-Еліміз бойынша қазір есірткі пайдаланатын 38 мыңға жуық азамат тіркеуде тұр. Осыдан 3 жыл бұрын олардың саны 49 мыңға жуық болатын.

 

Республика бойынша 14 облыстың ішінде Маңғыстау облысы 9-шы орында. «Наркология қызметіндегі проблемалар» тақырыбын қамтитын бүгінгі басқосуымыздың мақсаты-нашақорлықтың алдын-алып, жасөспірімдермен жұмыс жасау болып табылады.

 

Негізі еліміздегі нашақорлық проблемасы туралы айтар болсақ, кейінгі 3 жылда оның саны бізде төмендеп келе жатыр.

 

Дәрігерлік есепке бірінші рет алынған, нашақорлыққа салынып жүрген жасөспірімдердің саны 20 %-ға азайған, негізі есепке тұрып, зиянды заттектерді пайдалану көрсеткіштері, ол да 18- 20%-ға азайып келе жатыр.

 

Оның барлығының өзіндік себептері бар, ол-біріншіден біздің республиканың әрбір өңірінде наркологиялық ауруханалар бар, екіншіден, алдын-алу жұмыстарының жақсарып келе жатқаны және ішкі істер органдары жұмыстарын жақсылап атқарып, нашақорлықты біздің елімізге жеткізбеуге тырысуда,-деді ҚР Денсаулық сақтау

 

Министрлігінің штаттан тыс бас наркологы жергілікті БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында.

 

Жиында наркологиялық проблемаларды шешу жөнінде сөз болған кезде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Фаризунұлы Бектубаев: «2015 жылы облыстық наркологиялық диспансердің күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар ауруханаға жапсарлас қосымша құрылыс жүргізілетін болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға қазір 20 млн. теңгедей қаржы бөлінген.

 

Құрылыс пен күрделі жөндеу 2015 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Жаңа құрылыс-ауруханамен қатар емдеу бөлімін бір ғимараттан пайдалану мүмкіндігін береді. Осы арқылы аймақтағы наркология проблемасын шешудің тиімді жолы ашылады деп күтеміз»,-деп мәлімдеді.

 

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің штаттан тыс бас наркологы Алтынай Есқалиеваның айтуынша, «Келешекте елімізде нашақорлыққа бейімділерді ерте анықтау мақсатында скринигтік тексеруден өткізу әдісі қолданылатын болады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір осы жобаны әзірлеп жатыр. Мамандар жыл бойына жаңа әдістің қыр-сырын үйренеді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему