«Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамы 50 жылдық мерейтойын тойлады
Курс валют в Актау
на 10/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
10 Мая, 11:42
Вход |Регистрация
Главное » Афиша-спорт

«Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамы 50 жылдық мерейтойын тойлады

22 Марта 2014 (11:07) | 8471 | Автор: Редакция

 

Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында жалғыз аймақтың ғана емес, республиканың іргелі кәсіпорны саналатын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қазыналы түбектің «қара алтынын» игеруге бар ғұмырын арнаған майталман мұнайшы-ардагерлер мен бүгінде ел байлығын еселеуге өзіндік үлестерін қосып жүрген 600-ге жуық мұнайшы қызметкер қатысты.

 

Оңтүстік Маңғыстаудың байлығын өнеркәсіптік игеру мақсатында 1963 жылдың 27 қарашасында мемлекеттік кәсіпорын-«Мангышлакнефть» («Маңғыстаумұнай») өндірістік бірлестігі құрылды. Бұл туралы Бүкілодақтық Халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы №884 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы С.Өтебаев №280 арнайы қаулыға қол қойды. Осылайша қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының алғашқы іргетасы қаланған еді.

 

Ел экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып отырған ірі кәсіпорынның аймақтың дамып, гүлденуі жолында да орасан зор қызмет атқарып жатқаны анық. Мерекелік кешке жиылған мұнайшылар қауымын облыс әкімі Алик Айдарбаев құттықтықтады.

 

 

-Облыстың дамуындағы бұл кәсіпорынның алар орны ерекше. Тағдырын «қара алтынды» өндіруге арнаған мыңдаған мұнайшылар үшін бұл атаулы күннің маңызы өте зор. «Елу жылда-ел жаңа» дейді халқымыз. Елу жыл дегеніміз-бүтін бір кезең, тарихтың елеулі белесі, осы кезеңнің қиын да сәтті жолдарын жүріп өтіп, компания өңірдегі мұнай өндіру саласының шыңына шықты.

 

Қазіргі таңда кәсіпорында 6 000-ға жуық адам еңбек ететін болса, оның сервистік-мердігерлік кәсіпорындарында 10 000-ға жуық жұмысшы қызмет етуде. Компания ұжымы ардагер-мұнайшылар салған сара жолмен жүріп, олардың ерен еңбегін лайықты жалғастыруда. Жеке өз атымнан ел байлығы-Маңғыстау мұнайын өндірудегі қажырлы еңбегі үшін ардагер-мұнайшыларға зор алғысымды білдіремін. Осындай даңқты тарихы бар алып кәсіпорында еңбек еткенім-мен үшін үлкен мақтаныш. Барлығыңызды бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймын. Ортақ Отанымыз-Қазақстанның көркейіп, дамуы жолындағы еңбегіңіз жана берсін,-деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.

 

Жиында бірқатар еңбек озаттары облыс әкімінің «Құрмет грамотасы», Алғыс хатымен марапатталып, ерен еңбек иелеріне сый-құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Маңғыстау мұнайын игеруге зор үлес қосқан майталман мұнайшы, ардагер ақсақал Жолдас Тоқжановтың сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтойының құрметіне аймақ басшысының атынан үлкен құрмет пен қошемет жасалып, иығына ата салтымен шапан жабылды.

 

Салтанатты кеште «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Бас директоры Cунь Синьюнь мырза сөз алып, компания ұжымын жеткен жетістіктерімен қызу құттықтады. Бас директордың бірінші орынбасары Иманбаев Бақыт Алтайұлына сөз берілген кезде, басшы кәсіпорынның ерлікке толы жарты ғасырлық тарихының бел-белестеріне тоқталып өтті.

 

 

Мерейтойлық жиын соңы мерекелік концертке ұласып, өңірдің Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Асқар және Асанәлі Көшеровтар, Жоламан Көшкінов, Шаһризада Сапарова сынды күміс көмей, жез таңдай әншілері өнер көрсетіп, әуелеген әсем әндерді шырқаса, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі күмбірлеген күйден шашу шашты.

 

Мұнан соң мерекелік жиын «Нұр плаза» мейрамханасында жалғасып, кеш қонақтарына арналып ақ дастарқан жайылды. Бұл жерде де ардагер мұнайшыларға сый-құрмет көрсетіліп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 50 жылдық мерейтойына арналып жазылған Рахат Қосбармақовтың «Ерлікке толы елу жыл» атты кітабы сыйға тартылды.

 

Әр кезеңде компанияға басшылық еткен ардагерлерге сөз кезегі беріліп, олар кәсіпорын ұжымын еңбектегі жетістіктерімен қызу құттықтап, мерейтойлық ақ тілектерін арнады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему